7


  • Учителю
  • «Қарлы кесек» - оқыта үйрету ойын cабағы

«Қарлы кесек» - оқыта үйрету ойын cабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Қарлы кесек» - оқыта үйрету ойыны.

Күні: 27 қараша

Құндылық: адамгершілік

Қасиеттер:сабырлық,сүйіспеншілік,қамқорлық.

Мұғалім: Қанат Назерке Қанатқызы

Сынып:2

Оқушылар саны:16

Мақсаты:

1. Модуль бойынша алған білімдерін ортаға салу. Бірін- бірі оқыту, сөздік қорларын дамыту, ой- өрістерін кеңейту.

2. Ұйымшылдыққа бірін- бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- ізгілікке тәрбиелеу

- Оқушылардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.

- : өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру


Ресурстар: Төс белгілер, бағалау парақтары, үстелдің белгілері (А,Б,В,Г.)

Барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгіндеу.3.Ережелерді қайталау:сабақта біз….тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек.

4.Ұпайларды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш,

ұштағыш.

1. Ойынның шартын түсіндіру, әр топқа оқушыларды орналастыру, бағыттау парақтарын төс белілерін үлестіру.

2. Модульдің құрылымын еске түсіру. Әр тақырыпқа қысқаша шолу жасау.

3. Әр топқа тақырыптарды бөліп беру.

А- тобы- Бос қайық

Б- тобы- Тиін мен қасқыр

В- тобы- Табанды бала

Г- тобы- Бақша ағаштары

Оқулықтарын ашып, дайындалуға 5-7 минут уақыт беріледі. Әр турда ойыншылар бағыттау парағындағы сілтеме бойынша әр топ ойыншылары ауысып отырады. Әр ойыншы өзінің тақырыбын әңгімелейді. Тыңдаушылар бағалау парақтарына «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады. Сабақ соңынан мұғалім ұпай сандарын есептеп баға қояды.


Бос қайық

Аңыз әңгіме

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:

  • Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.

Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.

Тиін мен қасқыр

Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.

-Қоя бер мені! - деп, тиін жалына бастайды.

- Жақсы, қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.

- Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, - деп жауап береді тиін оған.

Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:

- Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің... Ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, - дейді.


Табанды бала

Аңыз әңгіме

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», - дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.

Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», - дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен


Бақша ағаштары

Ы. Алтынсарин

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?- деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп отырған. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.

Мұнан сен де өнеге алсаң болады. Сен жас ағашсың. Саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді.

Дәйексөз.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Халық мақалы

I тур - А тобы бастайды, Д тобы аяқтайды. 7-10 минут.

II тур - Б тобы бастайды, В тобы аяқтайды.

III тур - В тобы бастайды, Г тобы аяқтайды.

IV тур - Г тобы бастайды, А тобы аяқтайды.

Әр оқушы тақырыпты айтқанда дәптердегі сызбаға, суретке, жазбаға сүйеніп айтады.


Ортақ бағалау парақтарын белгілеу. Әр топтың мүшесінің жинаған ұпайларын есептеу. Топтың ортақ ұпайын шығару.

Тыныштық сәті./баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет!


Көңілді күн әнін хормен айтамыз

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы:

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


Топпен жұмыс. Алма ағашы. Адам бойындағы жағымды қасиеттерді ашу.


Сабақты қорыту.

КММ №1 ҚОМ

Өзін-өзі тану (2 сынып)

Ашық сабақ тақырыбы: «Қарлы кесек» - оқыта үйрету ойыны.





Мұғалім: Қанат Назерке Қанатқызы


Қарағанды 2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал