7


  • Учителю
  • Кластан тыс шараның тақырыбы 'Әліппе мен қоштасу'

Кластан тыс шараның тақырыбы 'Әліппе мен қоштасу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әліппемен қоштасу (сценарий)

№ 35 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Ибатуллина Г.А


Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.

Мұғалім: Уақыт… Уақыт- жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып, жатқанын байқамай қаласың.

Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.

Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?

Мирас:Ол менің есімде:

Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Ұлдана:Иә, иә есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік.Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз.

Кейін үйрене келе барлығымыз бір-бірімізге бауыр басып,

бір отбасының балаларындай достасып кеттік емеспе?

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

1 Мирас : Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2 Ұлдана : Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

1 Мирас : Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Жарқынай

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық.

Ержан:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

Даниял:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Диас: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

Зере: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Бақыт: «Ыбырай ата»

Жырын жаттап саламыз,

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз-

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге,

«Кел, балалар оқылық!»

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқығаннан кезінде

Озған алғаш сол екен.

Әліппенің өзін де,

Жазған алғаш сол екен.

Әліппе: - Осы сендер қандайсыңдар?

- Талабы биік таудаймыз.

- Мың бұралған бишіміз.

- Біз шеберміз.

- Ақылдымыз.

- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

- Көп оқимыз.

Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Малика:Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды.

Лаура:

Әліппе - білім анасы

Әліппе - кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы.

Ұлдана: І-жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай

( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.

Аділжан: Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған (О)

Екеуінің аттары.


Дильназ:

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың. (Т)

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

Ершат: Астана- Астанам,

Астана-бас қалам.

Ардақтап атыңды, (А)

Аузымнан тастаман.

Бекзат:

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы. (Н)

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

Дидар:

Әжеде бар, атада жоқ

Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)

АРнұр:

Мынау-доға, қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (Л)

Адильжан:

Ірімшік жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған? (І)

Айдын:Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен»

Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)

Малика:

Пілде бар, шілде жоқ.

Допта бар, шарда жоқ. (П)

Бибарыс:

6.Ешкіде бар, қойда жоқ

Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)

Әліппе:

- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Әліппе: Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?

Мағжан:

1 дегенім - бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім - елім,

Далам, тауым, көгім.

3 дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім - бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6 дегенім - ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім - жалау,

Жүректегі алау.

8 дегенім - сөзің,

Серт беретін кезің.

9 дегенім - тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім - Отан,

Қорға соңы, ботам.

1 Мирас : Ұлдана біздің достарымызбен ата-аналарымызға жұмбақ жасырып көрейік «Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).

Ұлдана: Жасырсақ жасырайық. Бірінші жұмбақты сен жасыр

Мирас : 1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).

Ұлдана: 2.Бес бұтақты қайыңда,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер сайынға,

Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).

Мирас : 3.Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (доп)

Ұлдана: 4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)

Мирас : 5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).

Ұлдана: 6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)

Мирас : 7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).

Ұлдана: 8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)

Мирас : 9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)

Ұлдана: 10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).

Ұлдана: Жарайсыңдар,достарым!


Мирас :

Жиналған қауым таң қалсын

Ән бимен шашу шашылсын

Мың бұралған бишелер

Бименен кешті жалғасын.

Би: «Көңілді балалар»

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Әлия:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Ұлдана: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған рахмет.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)

Ән: «Рахмет саған, Әліппе!» Әлия

1 - жүргізуші: Мирас.Ұлдана жүрші менің Гаухар апайға сұрақ қойғым келіп тұр.

Апай, бізді көргенде өзіңізіздің әліппемен қоштасу кезіңіз есіңізге түсіп отырған болар, айтып беріңізші

2 - жүргізуші: Ұлдана :Бізге айтар тілегіңіз

1 - жүргізуші: Мирас Әттең Ұлдана, мен апаймен немесе мектеп директорының құрдас болсам ғой, қазір мектеп директорының сыныптасымын деп мақтанып жүрер ме едім.

2 - жүргізуші: Ұлдана :Сен оған ренжіме сенің де сыныптастарыңнан директор, ғалым, мұғалім, дәрігер сынды атақты тұлғалар шығады.

1 - жүргізуші: Мирас :Ендігі кезекті мектеп директоры Бақытбек Диханбайұлына берейік.

(Мектеп басшыларына сөз беріледі.)

2 - жүргізуші: Ұлдана :Тулепбергенов Арнұрдың орындауында «Ұстазым» әні

1 - жүргізуші: Мирас

Баланың да тілегі,

Дананың да тілегі,

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

2 - жүргізуші: Ұлдана

Арманмен алыстарға аттанарда

Жас оралар іркіліп жанарларға

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға

(Ата - аналарға сөз беріледі.)

Мұғалім:

- Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп - көп рахмет! Қош сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал