- Учителю
- Өзін-өзі танудан сабақ жоспары 1 сынып жаңа бағдарлама
Өзін-өзі танудан сабақ жоспары 1 сынып жаңа бағдарлама
Өзін-өзі танудан сабақ жоспары 1 сынып жаңа бағдарлама бойынша жазылған. 33 сабақ түгел алам десеңіздер хабарласыңыздар! Бағасы-2000теңге 87475823112, 87783673323
</ Үлгі-№1сабақ
Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: қарапайымдылық, адалдық, шыншылдық
Мұғалiм___________________________________Сынып_1_сабақ_2
Мақсаты: оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын
ұғындыру аоқылы ақиқат құндылығынығ мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.
Оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.
Оқушыларды қарапйымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Дана сөздер
«Ақиқат-адалдықтың бастауы»
Әңгімелеу
«Түлкі мен ешкі» ертегі
-
Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?
-
Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? Неліктен?
-
Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтірідер.
Әңгімелесейік
Шындықты айту, шын сөйлеудің адам өміріндегі маңызын түсіндіреді. Балалар өз өмірлерінде шындықтың қандай маңызы болғанын ортаға салады. Мұғалім оқушылардан ата-аналарының, үлкендердің қандай ақыл айтатыны, кеңес беретіндерін естеріне түсіріп айтуларына мүмкіндік жасайды.
Шығармашылық іс-әрекет
1-тапсырма
Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.
Дәптермен жұмыс
2-тапсырма
«Түлкі мен ешкі» ертегісінен не үйрендіңдер? Айтып беру.
Жаңа ақпарат
Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді. Адалдық-адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілікті болады. Адалдықпен өмір сүру-өмірдің басты заңы.
Топпен ән айту
«Әдептілік әліппесі»
Өлеңін жазған Әбдірахман Асылбеков
Әнін жазған Мәлғаждар Әубәкіров
Үйге тапсырма
«Түлкі мен ешкі» ертегісі