- Учителю
- Көктем сәні 4сынып, ана тілі
Көктем сәні 4сынып, ана тілі
</ Пән: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні(ертегі)
Сабақтың мақсаты:
-
Тақырып бойынша түсінік беру. Аңдардың әңгімелерінің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуға баулу.
-
Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Сөйлем шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
-
Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, туған жерін, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, рөлге бөліп оқыту, сахналау.
Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреті, аңдардың суреті бейнеленген орман, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - дей отырып ана тілі сабағымызды бастаймыз.
-
Балалар, бүгін ана тілі сабағы ерекше. Өйткені сендердің білімдеріңді, біліктеріңді бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр.
ә) Психологиялық әзірлік:
-
Амансың ба, күн!
-
Амансың ба, ұстаз қауым!
-
Амансың ба, дос!
-
Әрбір адам? Туысым , досым, жұрағат!
-
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат!
-
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық!
-
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық!
-
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Әрбір ісімізге мұқият болайық. Балалар, бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сұрақ-жауап әдісі бойынша топтарды анықтап алайық.
-
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
-
Өрік, алма, шие, алша
Жидек, жүзім піседі
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады? (Жаз)
-
Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай, жинай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады? (Күз)
-
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Бала шана ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
-
Әр топ өзінің атына сәйкес мақал-мәтелдер айтып жарысады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
-
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?
-
Абай Қ. «Жазғытұры».
-
І.Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңдерін жаттап келу.
-
Балалар екі өлең де өте ұқсас. Екі өлең де не туралы айтылған?
І топ: Абай атаның өлеңін жатқа айту.
ІІ топ: І.Жансүгіровтың өлеңін жатқа айту.
ІІІ топ: Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын айту.
ІV топ: Көктемде болатын өзгерістер туралы санамалап айту.
Сергіту сәті: «Өлеңді аяқта» ойыны.
Біз ұқыпты (баламыз)
Сөзге шебер... (баламыз)
Үлкендерді... (сыйлаймыз)
Еңбектен де... (қашпаймыз)
ІІІ. Жаңа сабақ:
-
Балалар, мына суретке қарайықшы. Көктем мезгілі бір ғажайып бір ертегіге ұқсайды. Ал ертегі дегеніміз не?
-
Қиялдан туған әңгіме.
-
Ертегілердің қандай қандай түрлерін білеміз?
-
Қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар туралы ертегілер.
-
Бүгін біз хайуанаттар туралы ертегісін оқып, танысамыз. Енді осы ертегіде не туралы айтылғанын жұмбақ шешу арқылы табайық.
Күн келеді,
Жер түледі. (көктем)
-
Яғни ертегіміздің аты да «Көктем сәні» деп аталады. Тақырыпты ашу үшін алдымызға мақсат қояйық. Бүгінгі сабақта не білгіміз келеді.
-
Көктемнің сәні неде екенін білгіміз келеді.
-
Дұрыс. Осы мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді ұсынамын:
- Ертегіні түсініп оқу, мазмұнымен танысу;
- Ертегіні рөлге бөліп оқу, сахналау;
- Аңдардың әңгімелерінің мазмұнын ашу.
-
Балалар, барлығымыз енді «Ертегілер еліне» жолға шығайық. Орманда барлық аңдар жиналып отыр екен. Олар не айтып отыр? Тыңдап көрейік.
-
Мәтінді дауыстап мәнерлеп оқып беру.
-
Сөздік жұмыс:
Нөсер - жауын
Шаттық - қуану
Жігер - ынта.
-
Дәптермен жұмыс:
Орнымыздан тұрайық
Көгершінге ұқсайық
Көгершін боп ұшып ап
Қане қанат қағайық
Орнымызды табайық
Әдемі етіп жазайық
-
Оқушылардың ертегіні іштей оқу.
-
Оқушылардың ертегіні рөлге бөліп оқу.
-
Ертегіні рөлге бөліп оқу.
-
Мәтінмен жұмыс. Сұрақтарға жауап алу:
І-топ: Аң патшасы арыстан қандай жарлық берді?
ІІ-топ: Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?
ІІІ-топ: Бұлғын неге үнсіз қалды?
ІV-топ: Сендер көктем сәні не деп ойлайсың?
-
Ертегіні сахналау.
-
Суретпен жұмыс.
-
Қанеки, балалар, барлығымыз аңдарға қарайықшы. Бұл аңдарға қандай өзгерістер болады?
-
Біздің Шу өңірінде қандай аңдар тіршілік етеді?
«Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы түсінік беру.
Ақ бөкен, бұғы, елік, арқар, бұлғын - бұл аңдар «Қызыл кітапқа» енген аңдар. Яғни, бұл аңдарды аулауға болмайды, қамқорлыққа алынған аңдар.
Бұлғын - бұл терісі бағалы аң. Ол жылы жақта, орманды жерде тіршілік етеді. Азайып кеткендіктен, оны да аулауға тыйым салынған.
ІV. Сабақты қорыту.
Тапсырмалар:
І-топ: Семантикалық картамен жұмыс істеу.
ІІ-топ: Сәйкестендіру тесті.
ІІІ-топ: Ертегіге сүйеніп сызбаны толтыру.
ІV-топ: Көктем мезгіліне байланысты сурет құрастыру.
V. Үйге тапсырма:
-
Ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұндау.
-
Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін салу.
VІ. Бағалау.