- Учителю
- Сөз таптары (4 сынып)
Сөз таптары (4 сынып)
Мортық орта мектебі.
Қазақ тілі
Тақырыбы:Сөз таптары
4 сынып
Сынып жетекшісі:Иврай Нұргүл Ыбырайқызы
2013 - 2014 оқу жылдары.
Сабақтың тақырыбы:Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты:1.Сөз таптары туралы оқушылардың білімдерін кеңейте отырып,ақыл-ой өрісін дамыту.
2.Оқушыларды адамгершілікке,ақыл-ой белсенділікке,іздемпаздылыққа тәрбиелеу.
3.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту,сөз, сөйлем ойлау дағдыларын арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,дамыту,іздестіру.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Балалар,ыңғайланып еркін отырыңдар.Барлығымыз осы ашық аспан аясында,бейбіт,тәуелсіз елде өмірге келгенімізге қуаныштымыз,болашаққа үлкен сеніммен қараймыз.Осындай жақсы ниетпен сабағымызды бастайық..
2.Үй жұмысын тексеру.
- Оқушылардан үй тапсырмаларын тексеріп шығу.
- өткен сабақты қайталау
3.Жаңа сабақ
Сөз таптары тақырыбын ашу үшін
-
Ой қозғау.
Тақтада сұрақтар қойылады, жауап беру.
-
Бұл не ?
-
Ол қандай ?
-
Ол нешеу ?
-
Ол не істейді?
-
Дұрысын тап ойыны.
Зат есім қанша?
Сын есім не істеді?
Сан есім кім ?не ?
Етістік қандай ?
Зат есім
Етістік Сөз таптары Сын есім
Сан есім
4 . Топпен жұмыс.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Әр топқа тапсырма.
1 топ
-
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны.
Жел ... Палуан ...
Күн... Радио...
Найзағай... Тапсырма...
Қой... Жаңбыр...
Қоңырау... Кино...
Мен... Әкем...
Әжем... Айгүл...
2 топ
Менің бағытым" ойыны
1. тәтті жар
2. тік адам
3. тегіс қант
4. суық қоян
5. сұр су
6. ақылды жер
3 топ
Суретте берілген зат есімдерді тауып,көпше түрге айналдыру.Жалқы есімдерді тап.
5. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
Тапсырманы бір оқушыға оқытып, дұрыстығын оқушылардың өздеріне бағалату.
2 - жаттығу.
Топпен жұмыс жасалады. 1 топ зат есімдерді, 2 топ сын есімдерді, 3 топ етістіктерді тауып жазу.
3 - жаттығу.
Топпен жұмыс
1-топ
Бала
Қар
2-топ
Балық
Жануар
3-топ
Құс
Ағаш
Осы сөздерге қатысты етістіктерді жазу.
6. "Бұл не? Бұл кім?" ойыны.
Сипатталған заттарды тап.
-
Ақ, тәтті, қатты, ұсақ - бұл не?
-
Домалақ, жұмсақ, үрленген - бұл не?
-
Ащы, қызыл, жасыл - бұл не?
-
Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк - бұл не?
7. Оқулықтан тыс тапсырма
Сурет бойынша зат есімді табу, көпше түрге айналдыру.
8. Сабақты бекіту
"Бәйге"ойыны
Әр ұпайда сұрақтар жазылған
12. Үйге
5 - жаттығу , 81 бет
13.Бағалау.