7


  • Учителю
  • Ата -аналармен жұмыс'Ана-ән, бала оның қайырмасы'

Ата -аналармен жұмыс'Ана-ән, бала оның қайырмасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ана-ән, бала оның қайырмасы»

Сабақтың мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері: ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,

Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Қажетті құрал - жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, және мақал -мәтелдер жазылған плакат, интербелсенді тақта,т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

Аналар мен қыздары екі топқа бөлініп отырады.

1 топ Жанашырлар

2 топ Аяулылар

  1. «Танысу » жаттығуы.

  2. «Сіз қалай ойлайсыз?»

  3. «Жанұя ойыны» біз бір-бірімізді қаншалықты білеміз?

  4. Жағдаяттар

  5. Сергіту жаттығуы «Кім нені жақсы көреді?»

  6. Бойымыздағы жағымсыз әрекеттерден арылу

  7. «Мен ризамын!»

1 Ата-аналар шаттық шеңберге тұрып, есімдерінің алдына сын есім қойып танысып шығады. Мысалы: Айдай-Арайлым, сәнді-Сандуғаш

2. Аналар тобы мен қыздар тобына мақал-мәтел жазылған плакат беріледі. Мақалды тарату.

Аналарға: «Анасын көріп қызын ал,аяғын көріп асын іш»

Қыздарға: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

3 «Жанұя ойыны»

Сұрақ аналарға:

1 Балаңыздың ең жақын құрбысы кім?

2 Балаңыздың сүйсініп жейтін тағамы?

3 Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

4 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

5 Балаңыздың армандап сатып алғысы келіп жүрген заты?

6 Балаңыз қандай мамандық иегері болуды қалайды?

7 Балаңыз бос уақытында немен шұғылданғанды ұнатады

Қыздарға:

Анаңның сүйікті ас мәзірі?

Әкең мен анаң қай жылы шаңырақ көтерді?

Анаңның туған күні, айы-жылы?

Анаңның әжесінің аты?

Анаң немен айналысқанды ұнатады?

Анаңды қалай суреттей аласың?

Анаң сүйіп көретін телебағдарламасы?

4 Жағдаяттар

сұрақ аналарға:

1. Балаңыз сіз алып берген киімді ұнатпады. Оның кимек түгілі қарағысы да келмейді. Сіздің әрекетіңіз?

2. Балаңыздың тәртібі, сабағы жайлы білгіңіз келіп мектепке келдіңіз. Сынып жетекші қатулы қабағымен, ашулы күймен балаңыздың үлгерімінің төмендігін және тәртібінің нашар екендігін айтты. Сіздің әрекетіңіз?

3. Сіздің қызыңыз ата-әжесінің тәрбиесінде. Сізді анасы ретінде мойындағысы келмейді.

Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?

4. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бере едіңіз?

5. Кейбір ата-аналар баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай «Сен сала алмайсың, сен жасай алмайсың» -деп айтып жататынын жиі байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге сіз қалай қарайсыз?

6. Балаңызбен ашық әртүрлі тақырыпта сөйлесесіз бе, сөйлеспесеңіз неге?

7. Балаңыздың қазақи қыз болып тәрбиеленуі үшін сіз қандай тәрбие түрін қолданар едіңіз?

Қыз баларға арналған сұрақтар:

  • Кейінгі үлгідегі ашық-шашық киімге қатты қызығып тұрсыз. Қалай жалынсаң да оны сатып әпермек түгілі анаң ол жайында сөз қозғамауды өтінді. Сіздің әрекетіңіз?

  • Анаңыз отбасылық келеңсіз жайдайға байланысты ашулы еді. Сен келіп достарыңмен би кешіне баруыңды өтіндің. Анаң зекіп тастады. Не істейсің?

  • Сен кейінгі үлгіде киінгенді ұнатасың. Мысалы: тар джинсы, қысқа жейде, қысқа юбка т.б. Құрбыларыңның барлығы солай киінеді. Анаң саған қазақ қызына тән киім кию үлгісін ұсынды. Анаңыздың ұсынысын қалай қабылдайсыз?

  • Анаңнан жасыратын сырларың бар ма, егер болса неге?

  • Анаң сенімен қандай қарым-қатынаста болғанын қалайсың? Дос ретінде ма немесе белгілі бір алшақтықтың болғанын ба?

  • Анаң ашулы сәтте сенің әрекетің қандай болмақ?

  • Анаңды неге теңейсің?

«Сергіту жаттығуы»

Кім қандай әрекетті жақсы көрсе орнынан тұрады, жақсы көрмесе отырады. Бұл жерде шапшаңдық қажет-ақ.

Мысалы:

  • Кім анасын жақсы көреді?

  • Кім баласын жақсы көреді?

  • Кім ашуды жақсы көреді?

  • Кім ақылды жақсы көреді?

  • Кім әжесін жақсы көреді?

  • Кім атасын жақсы көреді?

  • Кім оқуды жақсы көреді?

  • Кім тоқуды жақсы көреді?

  • Кім әнді жақсы көреді?

  • Кім биді жақсы көреді?

  • Кім жалқаулықты жақсы көреді?

  • Кім аңқаулықты жақсы көреді?

Бойымыздағы жаман әрекеттерден арылу жаттығуы:

Ол үшін бізге ас тұзы мен түрлі-түсті бор керек. Екі топқа әрқайсысына қағазға салып кішкене тұз бен түсті бор беріледі . Жасаушылардың міндеттері бойларындағы жағымсыз әрекеттерді шығару үшін тұзға борды қаттылап еземіз. Езе отырып, бойымыздағы жаман әдеттеріміздің шығуына ықпал жасаймыз. Тұз әдемі түске боялған сәтте оны шыны ыдысқа кезекпен-кезек саламыз. Ыдысымыз түрлі-түсті түске боялғандай болады.

Мұғалім сөзі: Олай болса көңіліміз әрқашан мына ыдыстай таза, мөлдір, әдемі де әсем пәк болсын.


7. «Мен ризамын!»

Тақтада сөз жазылған бірнеше бұлттар ілінеді.

Әр бұлтта мынадай сөздер бар

Қыздарға:

«Өмірге әкелгеніңе ризамын!»

«Анамның бар екеніне ризамын» т.б

Аналарға:

«Қызым -қызғалдағым, ризамын саған»

«Сендей қызға ана болу бақыты бұйырғанына Аллаға мың да бір ризамын»

Ата-аналар мен қыз балаларға сауалнама:

1.Тест «Бала тәрбиесі».

Ата-аналардан тест алынып нәтижесі шығарылады.

2. «Ашығын айтсам ».

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні


Менің тренингтік есімім


Менің тренинг барысында түйгенім


Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады


Жүргізушіге ұсыныс


Маған ең пайдалы, құнды болған


Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер


Маған ұнамағаны


Ең жақсы ұнағаны


Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді


Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?


Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам


Тренингті қорытындылау


Қолы


3. Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал