- Учителю
- Сөз және оның мағынасы 4 сынып. Жалаң және жайылма сөйлем 3-сынып
Сөз және оның мағынасы 4 сынып. Жалаң және жайылма сөйлем 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы /4-сынып/
Жалаң және жайылма сөйлем /3-сынып/
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: 4-сыныпқа-Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөз және оның мағынасы туралы, сөздік құрам, сөздік қорына көңіл бөлу ,сөз мағыналарына қарай, сөздің тура мағынасы, сөздің ауыспалы мағынасы туралы түсініктерін пысықтау және 3-сыныпқа жалаң және жайылма сөйлеммен таныстыру және оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой - өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:«Пирамида», Венн диаграммасы, «Еркін жазу» стратегиялары. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
3. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
Қуанымын менде
Қуанасың сенде
Қуанамыз бәріміз
Мына шыққан күнге
ІІ. Өткен материалды еске түсіру
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. / Жалпылау:/Доп лақтыру/
Сұрақтар:
1.Сын есімнің сұрақтары.
2. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
4.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата:
5.Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды?
6.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
7.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?
8. Бастауыштан кейін неге сызықша қоямыз себебін түсіндір.
9. Ерлік -батырлық, ересек-естияр,қиын-ауыр сөздерін, сөздің қандай мағынасына жақызамыз
ІІІ. Жаңа сабақ:
4 сынып Сабақтың тақырыбы: - Сөз және оның мағынасын сұрай кету
Қарама -қарсы сөз
Мәндес сөздер және айтылу бір мағынасы әртүрлі сөз
Өзіндік жұмыс /Ноутбук бойынша тапсырма орындау/
Суреттер бойынша топқа бөлініп -айтылуы бір, мағынасы әр түрлі сөздерге және осы сөздерді байланыстырып қарама-қарсы сөздерге 4 мысал келтіріп жаз:
3-сынып. Сабақтың тақырыбы:- Жалаң және жайылма сөйлем
Түсіндіру жолдары Тақтадағы сөздерді салыстырып оқыту
Жалаң тек қана тұрлаулы мүшелерден тұрады
Мұз қатты. Есік ашылды Бұлбұл сайрады. Жазушы жазды.
Жайылма сөйлемді осы сөздерді пайдаланып отырып айтуымыз керек.
ІV. 4- сынып Тақтамен жұмыс Оқулықтан 2 жаттығу. Берілгенен оқыту орындау.
3- сынып Өзіндік жұмыс.Оқулықтан 2 жаттығуды жұпқа бөлініп сызба бойынша орындау.
1-жұп Қарға қарқылдады.
2 жұп Суретші бояды.
3 жұп Асқар келді.
4. Жұп Мұғалім мақтады.
5 . Ұшақ ұшты.
V. СЕРГІТУ СӘТІ
VІ.4-сынып Оқулықтан 3 жаттығу : Берілгенін оқыту. Сөз таптарына бөліп жазу
Зат есім-: жаз - қыс, күн - түн.
Сын есім: ақ - қара, түзу- қисық, ыстық - суық, ащы - тәтті.
Етістік: айту - тыңдау, қону - ұшу, сату - алу.
3 -сынып - Берілгенін оқыту. Көшіріп жазу.
1- партада отырғандар: Жалаң сөйлемдерді.
2- Партада отырғандар Жайылма сөйлемдердеі дәптерге көшіріп жазу.
VІІ . Шығармашылық жұмыс 4 сыныпқа
Мәндес сөздерді бөлек , қарама -қарсы сөздерді бөлек жаздыру.
3-сыныпқа оқулықтаға 5 -жаттығу
Суретті пайдалану сөйлемдерді толықтырып жазу.
VІІ . Сабақты қортыту.
4 сыныпқа ВЕНН диаграммасы Сөз мағынасын көрсету
Сыныпқа Тірек сызбаны толықтыруды тапсыру /жұптық жұмыс /
-
Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады?
VІІІ. 1/Үйге тапсырма 4-сыныпқа 93 бет. 5 жаттығу.
3- сыныпқа 87 бет .4 жаттығу
VІІІ.2/ Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.