7


  • Учителю
  • ӨЗін-өзі тану сабағы 'Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен' 1сынып

ӨЗін-өзі тану сабағы 'Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен' 1сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні:Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
-Қайырлы күн, балалар!
ІІ.Психологиялық дайындық.
-Егер көңіл күйлерің жақсы болса, бастарыңды сипаңдар.
-Егер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды шапалақтаңдар.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ширату
-Жыл мезгілдерін ата
-А әрпінен басталатын 5 қыздың атын айт
- С әрпінен басталатын 5 ұлдың атын айт
-Жылқының төлін ата
-Аптаның күндерін ата
-Бүгін қай күн?
Сурет бойынша жұмыс.

Бұл баланы кім дейді?
1.Үлендерді сыйлаймыз,
Айтқандарын тыңдаймыз.
Кішіге ағамыз,
Құшаққа аламыз.
Еңбекті сүйеміз,
Бақытқа ие біз.
Бұл баланы кім дейді?
(әдепті бала)
2.Өзінен үлкен кісіні,
Сыйлауды ол білмейді.
Шықпай жатып көшеге,
Үсті басы кірлейді.
Бұл баланы кім дейді?
(салақ бала)
-Ендеше,балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»

-Осы тақырыпқа қатысты қандай мақал -мәтел білесіңдер?
Мақал-мәтелдер
Жаман аттан, аяғым артық,

Жаман жолдастан,таяғым артық.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.

Ойын: Не жаман? Не жақсы?

(балалар өз ойларын жазады)
Не жақсы? Не жаман?
Ата ақылы.
Жата бермей еркелеп,
Тұр азанда ертерек.
Ата-анаңды сыйлағың
Төсегіңді жинағың.
Қажет емес аптығу
Жаса түрлі жаттығу
Тырыса біл намысқа
Киіміңді таза ұста
Түзеу отыр партада.
Салмақ салма арқаға
Салақтардан жиренгің
Ұқыптыдан үйренгің.
Атам айтқан ақылды
Көкейіме түйгенмін.
Тыйым сөздер жарысы:
Басыңды шайқама.
Бетіңді сызба.
Дастарханды аттама.
Шашыңды жайма.
Босағада тұрма.
Нанды баспа.
Бос бесікті шайқама.
Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.

1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...

3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...

ІY Бекіту.
Ойын: Болады, болмайды
Сабақтан кешігуге...
Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...
Таңертең ерте тұруға...
Қыздардың шашынан тартуға...
Үлкендерге көмектесуге...
Партаны сызуға...
Даурығып сөйлеуге...
Сабақ үстінде тыныш отыруға...
Кішілерге қамқор болуға...
Бір-біріңе көмектесуге...
Мектепте жүгіруге...
Бір-біріңді арыздауға...
Біреудің затын рұқсатсыз алуға...
Үзілісте кітапханаға баруға...
Демалыста тауға шығуға...
Көшеде түкіруге...
Y.Қортындылау
-Сендер оқып жатқан мектеп қалай аталады?
-Мектеп ережесін білесің бе?
-Біз қай тілде оқимыз?
-Сен қандай баласың?
Хормен:

Үленге иман керек
Кішіге иба керек
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал