- Учителю
- ӘДебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары 'Жусан иісі' (4 сынып)
ӘДебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары 'Жусан иісі' (4 сынып)
Әдебиеттік оқу
Уақыты: 06.05.2015ж
Кабинет: №3
Мұғалім: Косетова.А.А
Сабақтың тақырыбы
С Мұратбеков Жусан иісі
Мақсаты
Оқушыларды «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнымен таныстыру, әңгімеге талдау жасату, тақырыптың мәнін ашу.
Күтілетін нәтиже
«Жусан иісі» шығармасының мазмұнын түсінеді. Сол кезеңнің жас сәби жүректерге қандай із салғанын түсініп зерделейді
Сабақтың жабыдығы
Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, ақынның портреті, кесте сызбалар, интербелсенді тақта, ресурстық парақтар
Пайдаланылған әдіс-тәсілдер.
СТО: ашық сұрақтар,қызығушылықты ояту
АКТ: интербелсенді тақта арқылы бейнежазба көрсету, тапсырмалар беру.
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: зерттеушілік әңгіме, кері байланыс
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту
(1 минут)
- Алдарыңдағы конвертті ашып көріңдер.
- Бұл қандай шөп?
- Жусан деген қандай шөп?
- Бұрын жусан туралы естігендерің бар ма?
Жусан шөбін иіскеп, иісін сезінеді
жусан
Шөптің бір түрі, көпжылдық өсімдік,мал азығы, емдік қасиеті бар
Ой шақыру
(1 минут)
- Бүгін біз Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен танысамыз
- Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебі неде?
-Балалар биыл біздің Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенімізге неше жыл толды?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мағынаны тану
(8 минут)
«Даналық ағашы» оқыта үйрету
Топтарға тапсырма беру
Оқушылар мәтінді жылдам, мұқият оқиды. Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болады, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап оқып, сұраққа толық жауап береді.
І топ: Мәтінге жоспар құру
ІІ топ: Аянға хат жазу.
ІІІ топ: Аянға мінездеме беру (Аян қандай бала?
Ой толғаныс
(5 минут)
Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала алдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!
Жусанның ісін сағынбауы мүмкін емес қой.
Әңгімені өз ойынша жалғастырады
Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін?
Әр топ әңгімені жалғастырып жазып аяқтайды
(3 минут)
«Шеңбер бойымен әңгімелесу» әдісі
Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсінуді алға бастыру.
Оқушылар шеңбер құрып, «Жусан иісі» мәтін бойынша түсінгендерін бір сөйлем немесе екі сөйлем төңірегінде айтып шығады
Үйге тапсырма
1. С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесін түсініп оқу, мазмұндау.
2. Әңгіме мазмұнына сәйкес сурет салу.
Бағалау
Оқушылардан кейін мұғалім өз ойын түйіндейді.
Оқушылар өзін - өзі бағалайды. Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
(2 минут)
Біздің тілегіміз
Әр топқа көгершін таратып беріп, тілектерін жазғызу.
Тілектерін жер шарына (глобус) жапсыру.