7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаты: Әліппемен қоштасу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әліппемен қоштасу сценарийі
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Жүру барысы:
Автор-Сымбат: Ерте, ерте, ертеде ханшайымдар мен ханзадалар елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Екі елді біріктіру.
Ханшайымдар мен ханзадалар елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
Назерке (1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
Наз (2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.
Назерке: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.
Наз: - Жарайды, қоштасу кешін «бірге» өткізетінін айтып хабарлайық.
Назерке: - Уа, «Ханшайымдар» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші бірге өтеді.
Наз: - Уа, «Ханзадалар» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
бірге өтеді.
Автор-Сымбат: Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды бірге өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға ұзақ дайындалды.
Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Бұл тойдың аяғы немен аяқталатыны белгісіз. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастайық.

Флешмоб

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
-Осының бәрін үйреткен бізге?
Оқушылар (хормен):
-МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА-АНА!
Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
1. Ақбота:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2.Азат :
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.

3.Дана:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4.Әнуар:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5.Нуржан:
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6.Нурлан
Мектеп - үйім , ұстазым менің - ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған

Ортаға әліппені шақыру. Қош келдіңіз әліппе.

Әліппе:

Менің атым -Әліппе,

Мені анандай дәріпте.

Мені оқып ер жеткең,

Ағаң мемен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық

Төрге шығыңыз балалардың сізге арналған ән, тақпақтарын қабыл алыңыз.

1. Б.Қайрат:

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

2.Камила:

Әліппе-білім анасы,

Әліппе -кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

3.Мирас:

«Әліппем», менің «Әліппем»

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

4.Аселя:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

«Әліппе»-білім бесігі.

5.Саян:

«Әліппе»деген -алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

6.Аружан:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

7.Ерназ:

Қош бол, құтты «Әліппем»

Көп нәрсені үйреттің,

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

8.Карина:

Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.
-Қане, балалар әліппеге «Әліппе» әнін орындап берейік.

-Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Мұғалім:

Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!Ана тілін ортаға шақырайық.(Ана тілі келеді)

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым?

Туған тілдің тілімін,

Ақылымен танымал.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Әліппе саған балаларға

Әріпті танытып, жазуды, оқуды үйреткенің үшін айтар алғысым шексіз.

Әліппе: Иә, Ана тілі, оқушылар тек менің арқамда ғана емес, өздерінің білімге деген құштарлықтарының арқасында осындай дәрежеге жетті деп ойлаймын. Солай гой балалар?

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.

Балалар хормен:
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ! (Әліппе кетеді)

1.Р.Дильназ:

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

2.Жанэль:

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

3.Жанерке:

Ана тілім - ұраным,

Ана тілім - құралым,

Ана тілім - болмаса

Мықты болмас тұрағым.

4.Т.Қайрат

Ана тілім - елдігім,

Ана тілім - ерлігім.

Ана тілім - болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

1.Алдияр:

Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан

Оқуға іркілмей

Тоқуға ұстартқан

Қамқоршы ұл қыздың

Мұғалім-ол біздің

2.Акмаржан:

Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда

Жаманнан безуге

Жақсылық жасауға

Қамқоры ұл, қыздың

Мұғалім-ол біздің

-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам-Ана! -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.

3.Мадениет:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

4.Молдир:

Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз....

1.Манас:
Атам, әжем, әкем, анам

Төртеуі де Отан маған

Төртеуі де ботам дейді

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма ботамын мен.

2. С.Дильназ:
Отан - анам

Отан - әкем

Осы сөзім қате ме екен,

Қате болса неге біздер

Дейміз оны Атамекен.

3.Нұрболат:

Отан менің ата-анам

Отан досым, бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан туған ауылым

Отан демекші отанымызға отан әнін тарту етейік.

Ән: «Отан»

Мұғалім:

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Есмаганбетов Арарат Мылтықбаевичке беріледі.

Ал осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қуанышымызбен бөліскендеріңізге көп рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал