- Учителю
- Ашық сабақ: 'Қуаныш жан шуағы'
Ашық сабақ: 'Қуаныш жан шуағы'
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: № 44 Мерзiм: № 12
Тақырып: Қуаныш - жан шуағы
Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттері: шаттық, әсемдікке құштарлық, қуану мен қуаныш сыйлау.
Мұғалiм: Ауелбекова К.С. Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны: 25
Сабақ мақсаты:
Қуану және қуаныш сыйлау қасиеттері
арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашу.
Міндеттері:
- Шаттық сыйлаудың ізгі іс-әрекет екендігін түсіндіру;
- Оқушылар бойындағы әсемдікке құштарлық қасиеттерін дамыту;
- Қуану және қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Әйгерім Қалаубаева «Көңілді күн»
Балалар әнді қосыла айтады
-
Үй тапсырмасын тексеру
- Үлкеннің ақылын тыңдайтын бала қандай бала?
- Адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?
С. Мауленовтың «Аға ақылы» өлеңі
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
-
Дәйексөз
«Қуаныш - өмір шаттығы»
Халық нақылы
- Қалайша көңіл-күй жаныңды да, тәніңді де сау етіп, жақсы еңбекке құлшындыратыны туралы әңгімелеп беріңіз.
- Адамға қуаныш сыйлау дегенді қалай түсінеміз?
Балалар пікірін тыңдау.
Келесі сәтте Сара Назарбаева туралы айту
Слаид көрсету
-
Әңгiмелеу
- Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын қай күйде болғанда байқамады?
- Қарт ата сіздердің ойларыңызша балаға не айтуы мүмкін?
- Ал, сіз не айтар едіңіз?
- Бала қуанышқа бөленгенін сіздер қалай байқадыңыздар?
- «Қуана білген адам ғана қуаныш сыйлай біледі» дегенмен келісесіздер ме?
- Адамға қуаныш сыйлау сенің бойыңдағы қандай қасиетті оятады?
«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский Мәтінді үнтаспадан тыңдату
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
3 топқа бөлу.
1 топ: Суреттер бойынша шағын эссе жазу
2 топ: Балаларға қуаныш сыйлап жүрген адам туралы айтыңдар.
3 топ : Мәтіндегі ата мен баланың іс-әрекетін сахналап бер.
-
Топпен ән айту
Сөзі-С.Б.Қизатов, әні-Ә. Дүйсенбиев
«Біз - өмірдің гүліміз»
-
Үй тапсырмасы «Қуаныш» өлеңін мәнерлеп,түсініп оқу
Е.Ашықбаев «Қуаныш»
Соңғы тыныштық сәтi:
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.
(Қуаныш,қуана білу,қуаныш сыйлау)
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Жүрекше сыйлау арқылы бір-біріне қуанышты сәт сыйлау