- Учителю
- Разработка урока в начальных классах
Разработка урока в начальных классах
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 1- сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Сабақтың мақсаты: Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсіну.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білу. Төрт түлік туралы түсіну.«Төлді қалай шақырады?» өлеңін талдай білу. Өлеңді жылдамоқу,есте сақтау.
Сабақтың нәтижесі:Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінеді.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба біледі. Төрт түлік туралы түсінеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңін талдай біледі. Өлеңді жылдам оқиды,есте сақтайды.
Сабақта қолданылатын әдістер:«Айналмалы бекет» әдісі,«Көрме» әдісі, «Төлдерді өріске айдау», «Өрмекші торы» әдісі
Сабақтың барысы:
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күтілетін нәтижесі
Қолданылған
Ресурстар (Қолданған көрнекілітеріңді жазасыңдар.)
Кіріспе
5мин
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың арасындажағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнатамын.
«Өрмекші» торы арқылы төрт түлікке байланысты мақалдарын айтады.
Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Жіп
2мин
Оқушыларды дауыссыз дыбыстар арқылы топқа бөлемін
Алдын ала бағалау парағын үлестіріп қоямын. Көшбасшы бағалау парағын толтырып отырады.
Бағалау парағының параметрлері:
-
Мәнерлеп оқу - 1 балл
-
Сұраққа жауап беру -2 балл
-
Сөздік жұмыс -3 балл
-
Диалог құрастыру-4 балл
-
Диалогтық өзара сөйлесу-5 балл
-
Көрші топтың жауабын толықтыру-(1,)
-
Суретке қарап, өлең құрастыру -5 балл
Дауыссыз дыбыстар дыбыстары арқылы топқа бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстардың суреттері.
6мин
Үй тапсырмасын «Айналмалы бекет» әдісі арқылы сұраймын-Үйге қандай тапсырма берілді?-«Қоян» туралы әңгіме жазу берілді-Ендеше қане кім оқиды?3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.
Оқушылар жазған әңгімелерін оқиды.
Оқушылар жазған әңгімелерін кезектесіп оқу арқылы сөздік қоры дамиды.
6мин
Өткен сабақтардан алған білімдерін «Төлдерді өріске айдау» арқылы пысықтаймын.1. төл-дауысты дыбыстарды ата? 2. төл- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата.3. төл-Сөз нелерден құрадады?4 төл-дыбыстар нелермен таңбаланады?5төл-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата6 төл- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.7 төл- Дыбыс дегеніміз не? 8төл- әріп деген не?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сыни тұрғыда ойлана алады.
Суреттер
2мин
Сергіту сәті: «Кірпі» биі видеобейнесін АКТ-дан көрсете отырып жасатқызамын.
Оқушылар «Кірпі» биін билейді.
5мин
Дыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз
-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.
Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқып шығады.
Оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын салыстыра отырып бағалай алады.
7мин
17-жаттығуды «Көрме»әдісі арқылы орындайды.Өлеңді түсініп оқыту.Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(Өзіндік жұмыс)
Оқушылар жаттығуды орындап жақсы жазған оқушының жазуын «Бармақ әдісі» арқылы бағалайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы олардың шығармашылық қабілетінің дамығаны байқалады.
6мин
18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Жұптық жұмыс ретінде орындайды.)
Оқушылар жұптық жұмыс ретінде орындайды, «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
5мин
«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.Сұрақтарға жауап алу.
1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады? (Топтық жұмыс бойынша орындайды)
Оқушылар жұптық жұмыс ретінде орындайды, «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
3мин
«Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін.
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша айтады.
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша
2мин
Үй тапсырмасын беру
19-жаттығуды көшіріп жазады.
Қысқа мерзімді жоспар №2
Пәні:Ана тілі
Сыныбы: 1- сынып
Сабақтың тақырыбы:Төрт түлік. Мал атасы.Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсіну.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білу. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсіну. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту. б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге
тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.
Сабақтың нәтижесі:1.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады,еңбек тақырыбын жақсы оқи алады, өз ойын еркін жеткізе алады.
Сабақта қолданылатын әдістер:«ТВ шоу» әдісі,«Кім жылдам» әдісі, «Жәрмеңке» әдісі
Сабақтың барысы:
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күтілетін нәтижесі
Қолданылған
Ресурстар (Қолданған көрнекілітеріңді жазасыңдар.)
Кіріспе
5мин
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың арасындажағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнатамын.
«Өрмекші» торы арқылы еңбекке байланысты мақалдарын айтады.
Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Жіп
2мин
Оқушыларды дауысты дыбыстар арқылы топқа бөлемін
Дауысты дыбыстар а,о, у, и дыбыстары арқылы топқа бөлінеді.
Дауысты дыбыстардың суреттері.
7мин
Үй тапсырмасын -Үйге қандай тапсырма берілді?-«Қоян» туралы әңгіме жазу берілді-Ендеше қане кім оқиды?3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.«ТВ шоу» әдісі арқылы сұраймын.Өлеңді жатқа айтқызамын.
Оқушылардың әрқайсысы жеке-жеке жаттауды жатқа айтады.
Оқушылардың өлеңді жатқа айту арқылы таланттылығы дамиды.
7мин
«Кім жылдам» әдісі арқылы өзіндік жұмыс ретінде 13-жаттығуды орындатамын.
Еңбек
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты-еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты-еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
Өлеңді мәнерлеп оқып, дауысты дыбыстарды қайталамай теріп жазады.
Оқушылардың көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.
Суреттер
7мин
Топтық жұмыс ретінде «Жәрмеңке» әдісі арқылы
14-жаттығу сөздерді қатесіз көшіртіп жаздырып, жақсы жазған топтың оқушыларына баға береді.
Құлын, жұлдыз, отын,түлкі, күрек, құрық, жұмыс, көлік
Оқушылар жазуды көркем жазуды қолдана отырып жазып шығады. Жақсы жазылған топтың тапсырмасын оқушылар «Бармақ әдісі» арқылы бір-бірін бағалайды.
3мин
Сергіту сәті: «Кірпі» биі видеобейнесін АКТ-дан көрсете отырып жасатқызамын.
Оқушылар «Кірпі» биін билейді.
6мин
15-жаттығу. Көп нүктенің орныныа керекті әріпті қойып, өлеңді мәнерлеп оқу
Қыс келгенде2.Дауысты дыбыстарды атау.
Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқып шығады.
Оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын салыстыра отырып бағалай алады.
6 мин
Шопан еңбегі. Малшы еңбегі туралы білетіндеріңді әңгімеле.
1.Дыбыс дегенді қалай түсінесің?
2.Әріп дегеніміз не?
Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы олардың шығармашылық қабілетінің дамығаны байқалады.
2мин
«Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін.
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша
2мин
Үй тапсырмасын беру
Қыс тақырыбын мәнерлеп оқиды.
9 жаттығудағы өлеңді жаттап келеді.
Қысқа мерзімді жоспар №1
Пәні:Ана тілі
Сыныбы: 1- сынып
Сабақтың тақырыбы:Дыбыс.Әріп.Қыс. Айнала күміс қар.
Сабақтың мақсаты:а) Дауысты , дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін
пысықтау ә) Жаттығу барысында логикалық ойлау қабілетін алған сөздік қорын қалыптастыру б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау, бекіту
Сабақтың нәтижесі:Дыбыс пен әріп туралы түсінеді, қыс мезгілін суреттей алады, дыбыс пен әріптің ерекшелігін, айырмашылығын ажырата алады.
Сабақта қолданылатын әдістер:«Айналмалы бекет» әдісі, «Көрме» әдісі, «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. Кері байланыс
Сабақтың барысы:
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күтілетін нәтижесі
Қолданылған
Ресурстар (Қолданған көрнекілітеріңді жазасыңдар.)
Кіріспе
3мин
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың арасындажағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнатамын.
Шеңбер бойында қатарласып тұрып қардың суретімен қыс мезгіліндегі іс әрекеттерді айтады.
Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Қардың суреті.
2мин
Оқушыларды топқа бөлемін
Шаңғы, коньки, шана суреттерімен топқа бөлінеді.
Шаңғы, коньки, шана суреттері.
7мин
«Ой қозғау»негізінде үй тапсырмасын «Айналмалы бекет» әдісі арқылы сұраймын.Үйге қандай тапсырма берілді?-Қысқы дайындық туралы кім, не айтады? Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады? -Балалар, сөз неден құралады?-Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?
Оқушылар дөңгелене тұрып әрқайсысы қолдарындағы сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар сұрақтар қою арқылы диалогқа түседі.
Сұрақтар жазылған кеспелер.
7мин
Екі суреттің кесіндісі арқылы «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі арқылы жұптық тапсырма беремін.
9-жаттығуда әрбір сөздің алдына үлгіге қарап әріп қосып жазады.Оқушылар жұптасып отырып орындайды.
Оқушылардың сыни тұрғыда ойлануы дамиды. Дыбыс
Өзгерсе сөздің мағынасы өзгеретінін түсінеді.
Суреттер
7мин
Топтық жұмыста оқулықпен жұмыс жүргіземін. Өлең
Айнала күміс қар,
Енді не тұрыс бар?
Ал кеттік , балалар,
Бітпеген жұмыс бар.
Айнала ақ айдын,
Бәрі аппақ маңайдың.
Тазартып тастайық
Ауласын ағайдың
Әр топтан оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Жақсы оқыған оқушыны топтағы оқушылар «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Жас ерекшелігіне қарай оқу стилі анықталады.
3мин
Сергіту сәті: «Шырша» биі видеобейнесін АКТ-дан көрсете отырып жасатқызамын.
Оқушылар «Шырша» биін билейді.
6мин
«Көрме» әдісі арқылы 10 жаттығуды орындатамын.
Оқушылар жазуды көркем жазуды қолдана отырып жазып шығады. Жақсы жазылған тапсырманы оқушылар «Бармақ әдісі» арқылы бір-бірін бағалайды.
Оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын салыстыра отырып бағалай алады.
6 мин
«Сұрақтар сыры» әдісі арқылы сұрақтарды қоямын
1.Дыбыс дегенді қалай түсінесің?
2.Әріп дегеніміз не?
Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы олардың шығармашылық қабілетінің дамығаны байқалады.
2мин
«Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін.
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша стикерге жазып өткізеді.
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша
2мин
Үй тапсырмасын беру
Қыс тақырыбын мәнерлеп оқиды.
9 жаттығудағы өлеңді жаттап келеді.
Қысқа мерзімді жоспар №1
Пәні:Дүниетану.
Сыныбы: 1- сынып
Сабақтың тақырыбы:Қысқы өзгеріс.
Сабақтың мақсаты:1 Қыс мезгілі туралы түсінік беру.
Сабақтың нәтижесі:1. Қыс мезгілі туралы түсінік айта алады.2. Өз ойын еркін жеткізе біледі.3.Қыс тақырыбы туралы сыни тұрғыда ойлана алады.
Сабақта қолданылатын әдістер: «Аквариумдағы балық» әдісі, «Стоп кадр» әдісі,«Әңгімелеп бер» әдісі.
Сабақтың барысы:
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күтілетін нәтижесі
Қолданылған
Ресурстар (Қолданған көрнекілітеріңді жазасыңдар.)
Кіріспе
3мин
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сыныпбөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың арасындажағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнатамын.
Шеңбер бойында тұрып «Табиғат сыры» сергіту сәтін жасату.
Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
2мин
Оқушыларды топқа бөлемін.
Түрлі-түсті қағаздың түрлерімен топқа бөлінеді.
10мин
Үй тапсырмасын «Аквариумдағы балық» әдісі арқылы сұраймын.Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар дөңгелене тұрып әрқайсысы -Адамның күзгі еңбегі жайында айтады.
А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңдерін жатқа айтады.
Дала сарыкиінді,
Самалсоқтысалқындау.
Қырмандарғаүйілді,
Алтын астық-алтын дән.
«Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сабақты қалай меңгеруі байқалады.
10мин
АКТ-дан қыс туралы видеобейнені көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіремін.
Жаңа сабақ «Қыс» тақырыбын кезектесіп оқып шығады. «Бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Жас ерекшелігіне қарай оқу стилі анықталады.
Суреттер
10мин
«Стоп кадр» әдісі арқылы шығармашылыққа арналған тапсырманы оқушыларға топтық жұмыс ретінде орындатқызамын.
Суретте қандай өсімдік бейнеленген?, ондай өсімдік өз жеріңде өсе ме? Өлеңдердің мағынасын ашып айтады.
Қайыршы шал, кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш қурай. Абай.
Қысқы аязға қарамай, Көгеріп тұр қарағай.
Сол секілді төзімді, Болсам деймін өзімді.
Т.Елеусізұлы.
Оқушылардың көшбасшылығы дамиды.
8мин
Жұптық жұмыс ретінде «Әңгімелеп бер» әдісі арқылы «Қыс» тақырыбына сурет салуды ұсынамын.
Оқушылар «Қыс» тақырыбына байланысты сурет салады және әңгімелейді.
Сыни тұрғыда ойлану арқылы оқушылардың дарындылығы дамиды.
2мин
«Шыршаны безендіру» арқылы кері байланыс жүргіземін.
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша шыршаның ойыншықтары бар суреттерге жазып жапсырады.
Оқушылар өздерінің қаншалықты түсінгендерін жазады.
2мин
Үй тапсырмасын беру
Қыс тақырыбын оқып келеді.