- Учителю
- Урок по теме Біз бақытты балдырған
Урок по теме Біз бақытты балдырған
Сабақтың тақырыбы: «Біз бақытты балдырған»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға достық туралы терең түсінік беру.Олардың достыққа, бірлікке туған өлкеге деген сезімін қалыптастыру. Отанын қорғауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: Бейбітшілікке арналған плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы: Құрметті ұстаздар мен қонақтар барлығыңызды бүгінгі 1 сынып оқушыларының 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне дайындаған « Біз бақытты балдырған» атты тәрбие сағатын бастайды. Біздің халқымыз бұрыннан досшыл,көпшіл халық болған. «Досы көпті жау алмас»,-деп бабаларымыз бекер айтпаған.Адамдар арасындағы адалдық пен шынайы достықтың қашанда жеңіске жететінін біз ертегілерімізден оқып жүрміз.Елімізде тыныштықболып,бір-бірімізге деген достығымыз,бірлігіміз нығая берсін демекпіз.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Ақгүл:
Татулық, достық,махаббат,
Адамдық тойы мына той.
Жаныма кіріп жата қап.
Көңілде күлді қымбат ой.
Нұрдәулет:
Біз жаққа бұрды тау бетін,
Жайнайды күндей жүзіміз.
Қазақстан дейтін дәулеттің Бәріміз ұл мен қызымыз.
Айкөркем:
Бақыттың құсы тағы ұшып,
Қуантып көзді үлгерді
Халықпен пен халық табысып,
Жарық пен жрық бір күлді.
Би: «Қаржорға»
Наурызбек:
Тебірене қараймын
Туған өлке тым ыстық.
Көкжиектер арайлы,
Неткен ғажап тыныштық.
Пакизат:
Тағдыры елдің тоғысқан
Шақырып ылғи тұрды үміт.
Аталарымыз соғыста
Жеңіске жетті бір жүріп.
Еркебұлан:
Айтылды арман әңгіме,
Көңілде ескен күйге еріп.
Шырқадық бірге әнді де,
Биді де бірге биледік.
Көрініс: «Алдар көсе мен Тазша бала»
Тазша бала: Ассалаумағалейкум, Алдар аға!- деп Тазша бала құшағын жайып, көсені құшақтайды.
Алдар көсе: Ой бар болғыр.Сенбісің Тазша бала? -деп Алдар мәз болады.
Тазша бала: Ой, Алдар аға несін сұрайсыз.Менің бұл мектепке келгеніме бір жылдай уақыт боп қалды.
Алдар көсе: Апырай десейші, менің де бұл жаққа аяқ баспағаныма көп жылдардың үстіне шығып кеткен екен. Мектеп танымастай өзгеріп кетіпті ғой.
Тазша бала.: Иә, дұрыс айтасыз. Алдар аға екеуміз кездесіп қалыппыз.Бүгін мынау 1-сыныптың мерекесін тамашалайық.
Алдар көсе: Ау, шынымен айтып тұрсың ба?
Тазша бала: Шын айтпай, сіз дейсіз бе,өтірік айта беретін.
Алдар көсе: Оу, бәркелді тамашалап көрейік.
Би: «Танго» биі.
Айнұр:
Көз керек мұны көруге
Сезуге жүрек әм керек.
Қазақстан шықты шеруге,
Айтылар бүгін ән бөлек.
Уайс:
Көңілге күй де гүл еккен
Ғарышқа сені кетті алып.
Айтылар арман тілекпен
Көшеге шықты көп халық.
Гүлниса:
Жарқылдап бақты жас үміт,
Көшені мейрам сәнді етті.
Жұрт айтқан әнге қосылып,
Дала мен тауда әндетті.
Ән:»Ақ көгершін» хор.
Әбілқасым:
Келтіріп істің ретін
Балаға бақыт әкелген
Жолымыз біреу жүретін
Туымыз біреу көтерген.
Динара:
Таңғаламын тамсанып,
Таулар маған қарады.
Ғажайып бір ән салып
Құстар ұшып барады.
Нұртілек:
Жапырағы жайқалып,
Толықсиды ормандар.
Қолын бұлғап алдымнан,
Шақырады армандар.
Көріністі жалғастыру.
Алдар көсе:О, бәрекелді қарақтарым өнерлерін үстем болсын. Енді мен сендерге сұрақ қойсам деп едім.Оған қалай қарайсыңдар.
-
Қазақстан рәміздерін білесіңдер ме?
Тазша бала: Менде сұрақ қоюға бола ма екен?
-
Достық туралы,еңбек туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
-
Жеті аталарыңды білесіңдер ме?
Тазша бала: Өте жақсы.
Алдар көсе: Енді біз кететін уақыт болды.
Жүргізуші : Алдар аға, Тазша бала мына дәмнен ауыз тиіп кетіңіз.
Алдар көсе: Жақсы балалар рахмет. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Тату,дос болыңдар. Біз кеттік.
Ақтілек:
Шаттандырып жүздері
Ашыл бақыт есігі
Тербете бер біздерді,
Бейбітшілік бесігі.
Алмат:
Алып аспан күркіреп,
Ақ жауыны сіркіреп,
Мамыр келді алдымнан
Гүлдер шықты дүркіреп.
Динара:
Көк майсасы үлпілдеп
Бұлақтары бүлкілдеп
Мамыр келді, тұр, әне,
Мен сияқты күн:Күл-деп.
Ән: «Бала тілегі»
Ақбота:
Көгі бітік егіннің
Көркі,сәні жерімнің
Мамыр-ырыс, береке,
Мерекесі елімнің.
Гюзель:
Тәуелсіздік кіндігі
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Би: «вальс биі»
Ұлттық ойындар ойнау.
ӘНҰРАНМЕН ТӘРБИЕ САҒАТЫН АЯҚТАУ.
Өтес орта мектебі
(Ашық тәрбие сағаты)
Қоштаева А.