7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Сын есім' (1 класс)

Открытый урок на тему 'Сын есім' (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: Білімділігі: Сын есім туралы білімді беру, түсіндіру, сөйлемнен заттың сынын анықтайтын сөздерді табуға үйрету.

Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, сөздік қорын байыту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Тілді құрметтеуге, сүюге, туған жерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, сызбалар, интерактивтік тақта,қарындаштар.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, жұмбақ, сөздік, көрнекілік, практикалық, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері.

Сабақтың түрі: ертегі сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру-мотивациялық кезең.

Қонақтармен сәлемдесу.

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз

Сәлем бердік Сіздерге

Құрметпенен біз.

Психологиялық сәт:

Қол ұстасып бәріміз

Жылылықты сезейік

Күлімдеген күндей боп

Күлімсіреп жүрейік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар, біз кеше «Сөз табы» деген қария мен оның балаларының өмірі туралы ертегімен таныстық.

Ертегі неше бөлімнен тұрады?

-Дұрыс,ертеде «Сөз табы» деген қария өмір сүріпті. Ол кісі сондай ақылды, парасатты кісі болған екен. Сөз табы ата әрбір ісін мақсат қоя отырып орындаған.

-Ол кісінің неше ұлы болыпты?

-Тоғыз..

-Біздің мақсатымыз сол ұлдардың атын табу. Сөз табының неше ұлымен таныстық?

-Дұрыс, зат есім, етістік, сын есім, сан есім. (Ережелерді айтқызу).

-Ал қалған бес ұлын «Үстеу», «Есімдік», «Шылау», «Одағай», «Еліктеу сөз»-ді біз алдағы сабақтарда танысамыз.

-Бүгін осы қарияның екі ұлдары сендерге тапсырма ала келіпті.

Зат есім Етістік

Менің Менің сұрақтарым қандай?

ережемді Дара етістік деген не?

айт. Күрделі етістік деген не?

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

-Балалар, сөз табының екі ұлдарының тапсырмасын жақсы меңгерген екенсіңдер. Ал, енді мұқият тақтаға қараңдаршы. Сөзжұмбақты шешсек бүгінгі өтетін тақырыбымыз шығады.

А

С

Т

А

Н

А

С

Ы

Р

Ғ

А



Н

А

Н


Б

Е

С



С

Ә

Б

І

З

С

І

Ң

Л

І


А

М

Б

Ы

Л







Ж


  1. Еліміздің бас қаласы.

  2. Қыздар тағатын бұйым.

  3. Ас атасы.

  4. Бір таңбалы сан.

  5. Бойды өсіретін көкөніс.

  6. Менен кіші қыз.

  7. Жүз жасаған ақын.

-Яғни қандай сөз шықты? Дұрыс бүгінгі тақырыбыз «Сын есім».Сөз табы атаның үшінші ұлымен де таныстық.

ІV. Дәптермен жұмыс

-Дәптерлерімізді ашып бүгінгі тақырыпты жазып алайық.

Мақал-мәтел: Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.


Қане, тынығып алайық.Берілген суреттен 5 айырмашылығын табыңдар.

V. Тірек сызба бойынша.

Сөз табы



зат есіммен

байланысы Қандай?Қай?


Заттың сынын білдіреді.


пішінін түрін




дәмін түсін




салмағын сапасын иісін

Ереже: Зат есімнің алдында келіп, оның мөлшерін, пішінін, түрін, дәмін, түсін, салмағын, сапасын, сынын, иісін білдіретін сөздерді «сын есім» дейміз. Сын есімге қойылатын сұрақтар: Қандай? Қай?.

Жұмбақ

Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тіп-тәтті.

(Қарбыз)

Сырты қандай?Іші қандай?Дәмі қандай?

VІ. Зат есім және сын есімдерді Венн сызбасына түсіру.

Зат есім Сөз табы Сын есім

Зат есіммен

байланысты

VІІІ. Таратпа материал бойынша жұмыс. Танымдық тапсырма.

Сын есім Зат есім

жазық қымыз

ащы дала

биік аспан

ашық тау

қысқа қоян

сұр көйлек


VІІ. Оқулықпен жұмыс

369-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп жатқа бір оқушыға айтқызу.Сары, қоңыр, жасыл, көк қарындаштарды қолына алып көрсете тұрып айтады.

Сөз табының үшінші ұлының сендерге беретін келесі сұрағы:

  1. Күнді бояйтын қарындаштың түсі қандай?

  2. Жерді бояйтын қарындаштың түсі қандай?

  3. Гүлді бояйтын қарындаштың түсі қандай?

  4. Суды бояйтын қарындаштың түсі қандай?

  5. ІХ. Карточкамен жұмыс

Балаларға түрлі заттың суреттері таратылып беріледі. Олар заттың сынын айтады.

Х. Қорытындылау

Сұрақ-жауап:

-Бүгін біз сөз табының нешінші ұлымен таныстық?

-Ол қалай аталады екен?

-Бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдарың үшін «Сөз табы» атасы сендерге рақметін айтып отыр.

ХІ. Бағалау.

ХІІ. Үйге тапсырма: 372,373-жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал