7


  • Учителю
  • 'Аңқау арыстан' ертегісінің сабақ жоспары

'Аңқау арыстан' ертегісінің сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы

Меркі ауданы

№5 Ақарал орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Суанкулова Айзада Илиясовна

ІІІ - деңгейлі мұғалім


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан

Мақсаты: Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту. Алдау, арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ертегіні үсініп оқиды, кейіпкерлерге мінездеме береді, өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды.Сыни ойлай біледі.Сабақ барысында алған мағлұматты, өмірде пайдалануға дайын болады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Болжау» әдісі , «Ыстық орындық», бағдаршам көздері, электронды оқулық, «Рольдегі оқушылар» стратегиясы.

Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық тренинг жүргізу.

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!

«Әдемі есім» ойыны.

-Өте жақсы, енді топқа бөліну үшін мына суреттердің қалағандарыңды алыңдар.

( Аңдардың суреттеріне байланысты топқа бөліну)


Психологиялық тренинг жүргізеді.

Оқушылар өздерінің есімдеріне сын есім қосып айтады.

Оқушылар қалаған суреттерін алып төрт топқа бөлінеді (арыстан, түлкі, қоян, қасқыр)

1-топ - арыстан

2-топ - түлкі

3-топ - қоян

4-топ - қасқыр


Үй тапсырма

сын сұрау

«Бөлімді қайталау»

-Ал, балалар үй тапсырманы есімізге түсіру үшін «Ыстық» орындық әдісін пайдаланамыз.

Сұрақтар:

-Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

-Балаларды оқуға шақырған

Ы. Алтынсаринның өлең қалай аталады?

-«Ата-ана алдындығы борышың»деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

-Өлең жазатын адамды қалай атайды?

-Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?

-Қартқожа қай жазушының кейіпкері?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Өздері тағы қосымша сұрақтар қояды.

Жаңа сабаққа дайындық

-Балалар, бүгін біз сендермен үлкен бір тараумен танысқалы отырмыз. Тараудың тақырыбы: «Атадан қалған асыл мұра» деп аталады. Мұнда халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді, аңыз әңгімелермен танысамыз.

Электронды оқулықпен жұмыс: 1.Халық шығармаларының түрлерімен таныстыру.

шешендік сөздер

ертегілер мақал мәтелдер

Халық шығарма

лары

Аңыздар жұмбақтар жырлар


2. Берілген жұмбақтарды шешеді.

  • Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)

  • Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)

  • Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

  • Ал, балалар, жұмбақты шештіңдер. Қалай ойлайсыңдар, бүгін оқитын ертегіміз не туралы болмақ? (Болжау әдісі)



Оқушылар электронды оқулықтағы түсініктерді тыңдап, халық шығармаларының түрлерін топтастырып жазып шығады.

Оқушылар жұмбақтарды шешіп, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Жаңа сабақ

- Міне, біз бүгін «Аңқау арыстан» деген ертегісін өтеміз

Оқулықпен жұмыс:

«Рольдегі оқушылар стратегиясы» бойынша тақырыпты талдайды.


Оқулықтан өздері оқып, топта талқылайды.

1 - топ: Ертегіні оқиды.

2- топ: Ертегінің мазмұнын баяндайды.

3 - топ: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді.

4 - топ: Ертегі кейіпкерлерінің суретін салады.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа -
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады ,
Сол жағына қарады,

Тау екен деп ойлады.


Сергіту сәтін орындайды.

Жаңа сабақты бекіту

Шығармашылық тапсырма орындау.

Топтық жұмыс (электронды оқулықтардағы тапсырмаларды орындайды)

1-топ - Өзің шешкен жұмбақтарға және ертегіге сүйеніп, кейіпкерлерді сипатта.

2-топ - Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айт. Әр бағанда бір сөз артық. Ол-басқа кейіпкерлердің сөзі, соны тап.

3-топ - Ойланып жауап бер: Сабақтан кейін ата-анаңды тосып жүр едің. Әдемі көлікпен келген адам саған:

-Мені сенің әкең жіберді. Жүр, үйіңе апарып тастайын, - деді. Сен не істер едің?

4-топ - Осы ертегіден қандай ой түйдің? Халық осы ертегі арқылы саған не айтқысы келді?


Оқушылар тапсырмаларды тақтаға шығып орындайды.

Сабақты қорыту

-Балалар, енді бүгінгі оқыған ертегіге байланысты қандай тыйым сөз айтуға болады?


Оқушылар өз ойларын айтады.

Бағалау

Бағдаршам көздері арқылы бағалау.

Рефлексия

  1. Сабақ саған ұнады ма?

  2. Несімен ұнады?

  3. Саған жаңалық болған не?

  4. Болашақ өмірде қолдануға пайдалы білім алдың ба? Ол не?

  5. Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың?

  6. Өзіңді бағала?

Оқушылар кері байланыс дәптерлеріне өз ойларын жазады.

Үйге тапсырма

Ертегіні оқып, өздерің қалаған кейіпкерге «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең жазып келіңдер.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал