- Учителю
- Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Қазақстан Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерӘдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Қазақстан Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерӘдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы
Пән: Дүниетану
Сынып: 3«А»
Әдіскер: Сулейменова С.Ы.
Машықкер: Батырбек. Г
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Қазақстан Республикасындағы « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерімен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.
-
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
-
Тәрбиелік: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу, тәрбиелеу
</ Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің
суреттері, тақырыпқа байланысты қосымша көрнекіліктер.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
-Отырыңыздар!
Бүгінгі дүниетану сабағын мен Батырбек Гүлсара өткіземін.
Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық
Табиғат -біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Табиғатты қорғайтын, Біз әдепті баламыз. Жер байлығы көп екен, Меңгеруді қалайды. Осының бәрін меңгертер, Дүниетану сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім жылдам» ойыны
-
Өсімдіктер жайлы не білеміз?
-
Қандай өсімдіктердің түрлерін білеміз?
Жарық сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? ( жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас);
-
Ылғал сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? ( беде, бақбақ, қоңырбас;
-
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?( жантақ, сүттіген)
-
Өсімдіктердің топтасып өсуі жайлы не білеміз?
ІІІ Жаңа сабақ
Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер. Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана).
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 307 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Соныменқатар "Қазақстанның Қызыл кітабының" өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың - 1 түрі берілген.
Ой - қозғау стратегиясы:
-
Балалар сендер « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жайлы білесіңдер ма?
-
Өздерің білетін « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерін атап өтсеңдер.
Келесі кезекте оқушылардың жауаптарын толықтырып Қазақстан « Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жайлы мағұлмат, беру, суреттерімен таныстыру.
-
Тақтамен жұмыс: «Суреттер сөйлейді»
Көктемдік жанаргүл (лат. Adonis vernalis) - көп жылдық, сарғалдақтар тұқымдасы жанаргүл туысына жататын шөп тектес өсімдік.Көктем жанаргүлі - сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см-ге дейін. Көктем жанаргүлінің пайдасы дәріханаларда тұнба жасау үшін, ал зауыттарда галенді препараттар мен глюкозидтер алу үшін қолданылады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Секпіл шолпанкебіс (лат. Cypripedium guttatum) - сүйсіндер тұқымдасының шолпанкебіс туысына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Солтүстік Қазақстан облысы мен Таулы Алтайдың екі жерінде (Марқакөл шұңқыры, Иван жотасындағы Широкий лог шатқалында) кездеседі. Аздаған популяциялары Марқакөл және Батыс-Алтай Қорықтарында қорғалады.
Сібір қандығы (лат. Erythronium sibiricum) - лалагүлдер тұқымдасының қандық туысына жататын ең бір әдемі гүлдейтін көктем флорасының өкілі. Қазақстанда таралуы Алтай тауы мен Шығыс Қазақстан облысымен шектелген.
Ақ тұңғиық (лат. Nymphaea alba) - Тұңғиықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін су өсімдігі. Қазақстанда сирек өседі. Негізінен батыс аймақтарында (Батыс Қазақстан облысы) таралған. Су астындағы жүрек тәрізді, сопақша, тамыр сабағы топыраққа төселіп, кейде дөңгелек жапырақтары су бетіне жайылып өседі.
Шолпаншаш сүмбілі (Adiantum capillus-veneris) Сүмбілдер тұқымдасы - Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Жекелеген оқшау популияциялары Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Жалпы орта азиядан басқа Оңтүстік Еуропада, Қырымда, кіші Азияда кең таралған. Тіршілік ету ортасының өзіңдік ерекшелігімен сипатталады., яғни көлеңкелі ылғалды ізбесті және сарқырамаға жақын, жылғалар жағалауындағы тау жыныстары шатқалдарында өседі.
Сары лапыз (лат. Colchicum luteum) - лапыздар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Анда-санда тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатау, Қаржантау мен Угам жоталары) кездеседі, мұнда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.
Мияжапырақ таспа (Astragalus glycyphyllos) - бұршақ тұқымдасы, Қазақстанда сирек кездесетін, қалдық түр. Тек Алтайда (Ульба, Уба және Бұқтырма өзені аңғарларында) кездеседі. Қазақстаннан тыс Еуропаның орманды аймақтарында (Кавказды қосқанда) және батыс Сібірде таралған. Үштік дәуірдің орман қалдығы. Мәдени өсіруде келешегі зор. Тұқымынан өскен өсімдіктер жақсы гүлдеп, жеміс береді. Өзі көптеп шығады, мәдени түрде 40 жыл бойы өсірілуде Англияда азық ретінде арнайы өсіріледі.
Сен білесің бе?
Тобылғы - раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік - тобылғының тұнбасы, майы көп ауру-ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан - ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді.
Қарандыз өсімдігі. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды созайық!
Дәптермен жұмыс:
Қазақстан Республикасында « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жайлы қысқаша жазғызу.
Көктемдік Жанаргүл Сібір қандығы
Сары Лапыз Ақ тұңғиық
Пікірталас ұйымдастыру
-Өсімдіктердің азаюына не әсер етіп жатыр деп ойлайсыңдар?
- Өсімдіктерді қорғау үшін қазіргі таңда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
- Өсімдіктердің жойылып кетуіне адамдардың әсері барма?
- Өсімдіктерді неліктен « Қызыл кітапқа» енгізеді деп ойлайсыңдар?
«Кім шапшаң» ойыны
Бүгінгі сабақта « Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің атауын 3 қатарға шашыраңқы әріптер арқылы беремін. Оқушылар құрастырып өсімдіктің атын айту керек.
-
қатар: Арыс палыз - Сары лапыз өсімдігі ;
-
қатар: Қа ұңғиықт - Ақ тұңғиық өсімдігі;
-
қатар: Рібіс ндқыағы - Сібір қандығы өсімдігі.
«Өсімдік атауын тап» ойыны. Яғни Ілияс Жансүгіровтың өлең шумақтарынан өсімдіктер атауын айту керек.
-
Өсімдік дүниесіне ақындар да ынтығып, жыр арнаған:
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.
Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,
Сауыны бие емшектің кеп тұр иіп.
Мың тамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы жалғыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.
Білімді бекіту:
-
Балалар бүгін « Қызыл кітапқа» енген қандай өсімдіктерді білдік?
-
Қазақстанның « Қызыл кітабына» өсімдіктердің қанша түрі енген?
-
Ақ Тұңғиық қандай өсімдік?
-
Қарандыз өсімдігінің пайдасы туралы не білдік?
Бағалау: Үйге тапсырма беру -
Қ.Р- да «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер жайлы оқу, мазмұндау
Әдіскер:___________
Мұғалім:__________
Баға: __________