- Учителю
- Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Үш арыстың үлгілері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Үш арыстың үлгілері
Пән мұғалімі |
</<font face="Times New Roman, serif">Кырыкмылтыкова К.А. | |||
Пәні |
Әдебиеттік оқу | |||
Күні |
27.10.2015ж | |||
Класы |
2 класс | |||
Сабақтың тақырыбы |
Үш арыстың үлгілері | |||
Сабақтың мақсаты |
Білімділік: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі
шешендік сөздері туралы түсінік беру. Қара қылды қақ жарған
қазақ билерімен таныстыру. Шешендік сөздердің идеялық мәнін
ашу. | |||
Күтілетін нәтиже |
Өз бетімен талдай алды,өз ойларын толық жеткізді. | |||
Түйінді идея |
| |||
Сабақтың кезеңдері |
Уақыты |
Сабақтағы іс-әрекет
|
Бағалау |
Ресурстар |
Кіріспе |
1минут |
1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Мен бәрін орындай аламын» |
| |
Жаңа материалдың таныстырылымы |
20-25 минут
|
Топқа бөлу. Қазыбек би ауылы Әйтеке би ауылы Төле би ауылы Хандар ауылы «Кезбе тілші» әдісі -Өткен сабақтың тақырыбы не? -Өтірік өлең дегеніміз не? -Қандай тарауды өтіп жатырмыз? -Аңыз дегеніміз не? -Жаңылтпаш дегеніміз не? Білімді меңгерту. «Қазымыр» әдісі Үш арыстың үлгілері -Би деген сөзді естулеріңіз бар ма? -Естуіміз бар,ел басқарған,елдің қамын
ойлаған,ақылшы,кемеңгер,дауды шешетін,төрелік айтатын
адамдар. «Жау жүрек,мың бала» киносынан үзінді Мұғалім түсіндіруі IV топ: «Болашақта ел қорғайтын батыр болыңдар» деп
«Хандар» тобы сіздерге беремін. «Сахналық көрсетілім» Шешендік сөздерді жалғастыру (постер қорғату) Төле бидің айтқандары 1.Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол. Бір тонның жағасы болма Көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала, Өзегің талса,өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе,көпшілікті сағаала. Өзіңе-өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол. 2. Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын. Өзі біліп тұрса игі Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі! 3. Қарағайдан биік ағаш жоқ, Бұтақтары болмаса,берекесі талша жоқ, Ақылды деген адамның Айтарға аты болмаса,айтқан сөзі жайша жоқ. Қазыбек бидің айтқандары 1.Бір бала бар- Атадан жете туады,\ Бір бала бар- Атадан өте туады, Бір бала бар- Кері кете туады! 2. Алтын ұяң-Отан қымбат, Құт берекең-атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат Мейірімді апаң қымбат Асқар тауың-әкең қымбат. Туып өскен елің қымбат, Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. Әйтеке бидің айтқандары 1.Ашу деген ағын су, Алдын ашсаң,арқырар. Ақыл деген дария Алдын тоссаң,тоқырар. Кісі берге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған бәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады 2. Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң,жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, Батыр болып жауға найзаң тимесе, Елден бөтен үйің күйсін! 3. Бүркіт бол,заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!? |
|
|
Жаңа материалды қолдану |
9минут |
Дәптермен жұмыс |
|
|
Үй тапсырмасы |
4минут |
Үш арыстың үлгілері \шешендік сөздерін жаттау\ Қазақтың билері туралы мәнжазба |
|
|
Бағалау |
2минут |
-4 -5 |
|
|
Кері байланыс |
4минут |
« Блоб ағашы»
|
|