- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Жалаң, жайылма сөйлем' 4 класс
Урок по казахскому языку на тему 'Жалаң, жайылма сөйлем' 4 класс
Пәннің аты: қазақ тілі | Уақыты: 15.10.2015 | Кабинет: МДБСБОІЖО:Бисенова У. | Мұғалімі: Ескелді Тойжан | ||
Сабақтың тақырыбы | Жалаң, жайылма сөйлем. | ||||
Дереккөздер | Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару.Орақова А.Ш.Алматы-2014. Сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде.Жукенова Г.Б. Ақтөбе-2012. Қазақ тілі оқулығы, 4- сынып.Уайсова Г.И.Алматы «Атамұра» 2015. | ||||
Мақсаты
| Оқушылардың сөйлем туралы алған білім -білік дағдыларын кеңейту. Жай сөйлем туралы бастапқы түсінік беру. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын, ой қорыту машығын арттыру.Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу. | ||||
Күтілетін нәтижесі | Жалаң сөйлемнен жайылма сөйлемнің айырмашылығын біледі. | ||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Ынтымақтастық атмосферасы | Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Жақсы тілек айтыңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. | ||||
Топқа бөлу | Сөйлемнің тыныс белгілері арқылы үш топқа бірігеді. / Нүкте, леп белгі және сұрақ белгісі / Алған белгі қандай сөйлемге тиісті екенін білу арқылы тобын табады. | ||||
Үй тапсырмасын сұрау
| Сөйлем мүшелеріне талдау. Ауызша талдайды. | ||||
Білу | Ребусты шешу арқылы тақырып анықталады. | ||||
Түсіну | «Журналисттер мен тіл мамандары» Сыныптың жартысы тіл маманы ал жартысы журналист болады. Журналисттер тіл мамандарына сұрақ қояды , олар жауап береді. 1. Сөйлем деген не? 2. Синтаксис қандай ғылым? 3. Сөйлем айту мақсатына қарай нешеге бөлінеді? 4. Сөйлем құрылымы жағынан нешеге бөлінеді? 5. Жай сөйлемнің түрлерін атаңыз. 6. Жалаң сөйлем деген не? 7. Жайылма сөйлем деген не? 8. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге қалай айналдыруға болады?
| ||||
Қолдану | 15-жаттығу. «Қалам столдың ортасында» Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыру. Тау мұнартады. Тау жазда мұнартады. Өсімдік көктейді. Өсімдік көктемде көктейді. Жел тұрды. Кешке жел тұрды. Шық түсті. Таңда шөпке шық түсті. Бұлт қаптады. Аспанда бұлт қаптады.
16-жаттығу. Ауызша орындалады. Сөйлем Мағынасына қарай өзара байланысты Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады. 18-жаттығу. Слайдтан сөзжұмбақты шешеді. 1. Табиғи дарын, ерекше қабілет. 2. Тор құратын жәндік. 3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол. 4. Сан.
Қарамен боялған торкөздерден 4 деген сан шықты.Осындай сөзден тұратын жалаң сөйлем құрау керек. Ата-ана келіп отыр.
| ||||
Талдау | Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді оқып,салыстыр. 1. Атам қыстауға кетті. 1. Атам бүгін қыстауға кетті. 2. Ақан мектептен келді. 2. Ақан мектептен қазір келді. 3. Хамит Болатпен сөйлесті. 3. Хамит Болатпен бүгін сөйледі. 4. Қонақтар көрмеде болды. 4. Қонақтар кеше көрмеде болды.
| ||||
Жинақтау Постер қорғау | Үш топқа тапсырма ұсыну. 1- топ: Мақал ішіндегі мақалды табу. 2- топ: «Сөйлем» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру. 3- топ: Тақырыпқа байланысты эссе жазу. | ||||
Үй тапсырмасы | 47-бет, 20-жаттығу. | Күнделіктеріне жазады | |||
Бағалау | Фишкаларын санайды./ Формативті бағалау/ |