- Учителю
- Әдебиеттік оқу. Бала Жиренше. Күй құдіреті.
Әдебиеттік оқу. Бала Жиренше. Күй құдіреті.
Тақырып:Бала Жиренше. Күй құдіреті.
Мақсаты: Берілген өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Жылдың төрт мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелесу. Күз мезгілінің сипаттамасын беру. Ертегілер кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Түрі:Білімді жетілдіру сабағы.
Әдісі: Сұрақ- жауап, талдау, әңгімелеу, ой шақыру, ой қозғау.
Барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
2.Мотивациялық кезең:
Біз сабаққа келеміз Мәнерлеп оқып,сауатты жазамыз
Ана тілін сүйеміз Терең білім аламыз
3.Өткенді қайталау:
Өткен сабақтардағы жазушылар туралы әңгімелесу. 4.Жаңа тақырып:
-Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-Абай Құнанбаев туралы әңгімелеп беру
- «Күз» шығармасының үлгі оқуы
-оқушылардың іштен оқу кезеңі
-оқушылардың дауыстап, мәнерлеп оқу кезеңі
-шығарманы С-Ж арқылы талдау
5.Білімді жетілдіру кезеңі
-Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелесу, ерекшеліктері туралы терең білім беру.
-Күз мезгілінің сипаттамасын беру
6.Жаңа тақырып Бала Жиренше 1/үлгі оқу, оқушылардың кезектесіп оқуы, өздігінен оқу/ Шығарманы С-Ж арқылы талдау
7.Сөздік жұмыс. Жаңа сөздерді жазып алу, мағынасын түсіндіру, сөйлем құру
8.Рефлесия. Тест
1.Алғашқы мектеп ашқан кім?
а/Ы.Алтынсарин б/Абай с/Шоқан
2. «Күз» өлеңін жазған кім?
а/Ы.Алтынсарин б/Абай с/Шоқан
3.Кел, балалар оқылық! өлеңін жазған кім?
а/Ы.Алтынсарин б/Абай с/Шоқан.
4. Төрт түлікке нелер жатады?
9. Үй жұмысы.Мазмұнын айту.
10.Қорытындылау кезеңі