7


Г дыбысы мен әрпі (1сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Әліппе 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйркту, сөздік қорын, тілін дамыту, Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, көгершін, гүл, әртүрлі суреттер, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткенде қай дыбыспен таныстық?

- Й й дыбысы мен әрпі.

-қандай дыбыс?

-Жіңішке дауысты дыбыс.

Ережені еске түсіру.

Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз). «Шебер қолды әжей» мәтінің тізбектеп оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу.

1. Жетіден кейін сан.

2. Түнде ұшатын құс.

3. Ешкінің төлі.

Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.

Баспа ,жазба түрімен таныстыру.

Баспа түрімен қайда жазылады?

Жазба түрімен қайда жазылады?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.

2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.

Гүл - 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.

-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?

-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.

Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.

1. «Ай мен әтеш» мәтінін мәнерлеп оқу.

2. Тізбектей оқу.

3. Шығарманың қай түріне жататынын айту.

Ү. Сергіту сәті.

Жел улейді:у-у

Құйын келіп билейді:зу-зу

Қатты-қатты жел соқты:гу-гу

Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету.

2. тақтада жазу.

3. Ауада жазу.

4. Көзді жұмып жазу.

5. Дәптерге түсіру.

Сергіту сәті. «Гүл өсірем үйде».

Гүл өсірем үйде

Су құямын күнде.

Гүл күткенді біледі

Бойын сылап күледі.

Күнде гүлін ашады,

Жұпарын маған шашады.

«Ер қанаты-ат»тақырыбындағы тірек суреттерді пайдаланып, оқушыларды әңгімеге, сөйлем құрауға тарту.

ҮІІ. Тірек- сызба бойынша сөз ойлап айту.

Г дыбысы мен әрпі (1сынып)

1-топ 2-топ 3-топ

Бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын табып, сөздерді айту.

Қорытындылау.

Аналарды сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

Г қандай дыбыс?

Үйге тапсырма. Г дыбысы мен әрпін оқу. Жазу. «Ай мен әтеш» мәтінін түсініп оқу.

Бағалау. Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын түсіндіріп, бағалаймын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал