7


  • Учителю
  • Дүниетану, 3 сынып Суды қорғау

Дүниетану, 3 сынып Суды қорғау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 3

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: «Суды қорғау»

Мақсаты:1) білімділік: су туралы түсініктерін кеңейту, судың қасиеті, жетіспеу себептерін меңгерту. Картамен, кестемен жұмыс жасауға үйрету.

2) тәрбиелік: суды қорғауға, ластамауға, топтасып жұмыс жасауға, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

3) дамытушылық: танымдық қабілеттерін, есте сақтауын, шапшаң ойлауын, ой қорыта білуін, логикалық ойлауын дамыту.

Түрі: сайыс сабақ

Типі: аралас сабақ

Әдістер: түсіндіру, көрнекі, сұрақ-жауап

Құралдар мен жабдықтар: кестелер, сызбалар, үлестірмелі құралдар, карта





САБАҚ БАРЫСЫ:



І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

ІІ. Өткенді қайталау

І топқа тест (жазбаша)

1. Жер шарында су қанша бөлікті алып жатыр?

А) ½ В) ¾ С) ¼ Д) 1/3

2. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?

А) қар, мұз, су, мөлдір В) қатты, мөлдір, бу

С) сұйық, қатты, газ Д) бу, су, тұман

3. Өте үлкен биіктікте ұсақ су тамшылары қатып, ақ түсті, нәзік шілтерге ұқсайтын мұз кристалдарына айналады. Бұл қандай бұлт?

А) шарбы бұлт В) будақ бұлт С) қабат бұлт Д) ақшыл бұлт

4. Ұзаққа созылған ақ жауын қандай бұлттан пайда болады?

А) қабат бұлт В) шарбы бұлт В) будақ бұлт Д) жаңбыр бұлт

5. Қандай бұлттан жауын-шашын жаумайды?

А) қабат бұлттан В) будақ бұлттан С) қара бұлттан Д) шарбы бұлттан

6. Халық арасында қайнар көз, бастау деп аталады.

А) құдық В) өзен С) бұлақ Д) көл

7. Жер асты суын пайдалану үшін ........

А) шелекпен алады В) құдық қазады С) күрекпен қазады Д) қысыммен шығарады

8. Жұмбақтың шешуін тап: Келеді алыстан, Ашулы арыстан.

А) найзағай

9. Жылғалар бір-біріне қосылып .... құрайды.

А) теңіз В) көл С) бұлақ Д) өзен

10. Жылы ауа мен салқын ауа ағынынан пайда болатын бұлт - ....

А) түнерген қара бұлт

Кілттері: 1. В) 2. С) 3.А) 4. А) 5.Д) 6. С) 7. В) 8. А) 9. Д) 10. А)



ІІ топқа: үлестірмелермен жұмыс (жазбаша)

1. Кестені толтыр:

....

...

...









Дүниетану, 3 сынып Суды қорғау 2. Сызбаны толтыр.

Дүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауЖауын-шашын

Дүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғау

Суды жақсы өткізетін тау жыныстары Суды өткізбейтін тау жынымтары

Дүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғау



Дүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғауДүниетану, 3 сынып Суды қорғау





ІІІ топқа: Сұрақтарға жауап беру (ауызша)

  1. Қазақстанның құрғағшылық аймақтарында жер қыртысын бұрғылап жасайтын құдықтың түрі (артезиан құдығы)

  2. Өзеннің ағып шығатын жері - .... (бастау)

  3. Негізгі өзенге жолдан қосылатын ұсағырақ өзендер (өзеннің саласы)

  4. Жер бетінде суға толған табиғи ойыстар (көл)

  5. Көлдердің суы қандай болады (тұщы немесе тұзды)

  6. Шаруашылыққа үлкен зиянын келтіретін жауын-шашын түрі (бұршақ)

  7. Жұмбақтың шешуін тап: Ауыл сыртында сайда,

Жатыр үлкен айна. (көл)



ІІІ. Негізгі бөлім

1. Жаңа материалды түсіндіру. Оқулықтағы «Суды қорғау» мәтінін оқып түсіндіру.

2. Оқулықпен жұмыс.

І топқа: Белгілердің нені білдіретінін түсіндір.

ІІ топқа. Суретпен жұмыс. Суды ластаудың басты себептерін анықта.

ІІІ топқа. Мақалды түсіндір: «Судың да сұрауы бар».

3. Картамен жұмыс

І топқа: Арал, Байкалға құятын өзендерді табу.

ІІ топқа: Каспий, Зайсанға құятын өзендерді табу.

ІІІ топқа: Балқашқа құятын өзендерді табу.

4. «Сыни тұрғыдан ойлаймыз»

І топ: Ассоцияция «Су»

ІІ топ: 5 жолды өлең

ІІІ топ: Зияны мен пайдасы

5. Сарамандық жұмыс:

І топ: Судың суйықтығын дәлелде.

ІІ топ: Судың жойылмайтынын дәлелде.

ІІІ топ: Судың еріткіштігін дәлелде.

6. Дәптермен жұмыс.

Экологиялық сынақсөз

Ең терең көл- Байкал көлі. Ең үлкен көл - Каспий. Ең ұзын өзен - Ніл. Жер бетінде 4 мұхит, 30 теңіз бар. Су өсімдіктің негізгі бөлігін құрайды. Адам ағзасының да жартысынан астамы судан тұрады. Суды қорғау керек.



ІV. Жаңа материалды бекіту

І топқа: «Судың қажеттілігі» сызба құрастыру.

ІІ топқа: Судың жетіспеу себептері тізбектесе әңгімелеу.

ІІІ топқа: «Суды қорғау ережелерін» құрастыру.

V. Қорытындылау

Топтардың жұмыстарын қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма:

Дүниежүзі картасын пайдаланып, І топ өзен аттарын, ІІ топ көл аттарын, ІІІ топ теңіз аттарын жазып келу. «Суды қорғау» мәтінін түсініп оқу.

VІІ. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал