7


  • Учителю
  • Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»

Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»

«Қайраттың жазу дәптерінен»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.



Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу, сөздік қорын молайту.



Тәрбиелік: Оқушыларды елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен

азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа түсетін елжанды, ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын ел азаматы болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ



Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау-жинақтау, «Жұқа және қалың» сұрақтары, «Топтастыру» әдісі, «РАФТ» әдісі.



Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі



Көрнекілігі: Автор суреті, желтоқсан құрбандарының суреті, сөзжұмбақ,

карточкалар, слайд, шарлар



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

Жақсы оқу - антымыз,

Артымызда қалсын алтын із.

Білімнен бақыт табамыз,

Біз бақытты баламыз!



2. Түстер арқылы топтасады. /Оқушыларға ұнаған ақ, көгілдір, сары түсті көгершіндерді таңдай отырып, сол түстегі шарға топтасып отыру./



- Балалар, көгершін ненің бейнесі, ненің символы?

- Көгершін бейбітшіліктің, достықтың, адалдықтың символы.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

- «Ақша қар» өлеңін жатқа айту. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

«Ақша қар» өлеңін оқушылардан жатқа сұраймын.

Сурет бойынша «Қыс» тақырыбына жазған әңгімелерін оқытамын.

- Міне, балалар, осы өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Қыс мезгілі. - Қазір қай мезгіл? - Қыс мезгілі. - Ақын ақша қарды неге теңейді? - Ақ мамық қар, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектің түріндей, ақ қардан көрпе жамылды. - Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы? - Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

- Әдебиеттік оқудағы өтілген І бөлім қалай аталады? Бұл бөлімде кімдермен таныстық? - ІІ бөлім қалай аталады? Атадан қалған асыл мұраға нелер жатады? - ІІІ бөлімде не туралы айтылған? Онда біз немен таныс болдық? - Қазір қай бөлімді өтіп жатырмыз. Бұл бөлімнің тақырыбы қандай?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен». - Балалар сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат алу.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Балалар, жаңа сабақты 96 беттегі сөзжұмбақты шешуден бастайық.

Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»



- Балалар, ерекше жолдан кандай сөз шықты? (Тәуелсіздік)

- Дұсыс айтасыңдар, балалар осы «тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер? (еркіндік, бостандық)

- Алда қандай мереке келе жатыр? (16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні)



Миға шабуыл әдісі

«Желтоқсан желі» Бейнеролликке назар аударайық.



«Жұқа және қалың» сұрақтары

  1. Балалар бұл көрсетіліп отырған үзіндіден нені байқадық?

  2. Бұл көтерілістің зардаптары қандай болды?

  3. Бұл көтеріліске қатысқан қандай батырларды білесіңдер?

  4. Бұл бейне ролликте кімнің есімі аталды?

Бүгін біз Тұманбай Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін өтеміз.



Тұманбай Молдағалиев - 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу кеңшарында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Көптеген өлеңдері бар. 1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 2011 жылы 10 қазанда дүниеден өткен.

Кітаппен жұмыс:

«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіремін. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқытамын.

Балалар, 16 желтоқсан, ерекше күн екен, енді сол күннің тарихына тоқталайық.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Яғни, 1986 жылдың 16-17 желтоқсан күнідері қазақ жастары өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін «Өз елін, өз көсемі (қазағы) басқарсын» деген ұранмен Республика алаңына шеруге шыққан болатын.Бірақ, бейбіт тілекпен шыққан жастарды аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Енді осы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр аға - апаларымызбен танысайық.

Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға- апаларымызды есімізде сақтайық: Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова. Міне, балалар, біз осындай аға-апаларымыздың арқасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел атандық. Биыл тәуелсіздігімізге 24 жыл.

· «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін түсіндіріп, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстырамын.





Есіңде сақта!

Қайрат Рысқұлбеков - Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ. Ол 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1988 жылдың 21 мамырда дүниеден өткен. 1996 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілген. (Слайд арқылы таныстыру)



Сергіті сәті:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

«Аквариум» әдісі:

1 топ: баяндаушылар: Қайрат Рысқұлбековтың өмірін толық баяндайды.

2 топ: зерттеушілер: Кейіпкерге мінездеме береді 3 топ: сілтемелеушілер: Мәтіннің руханилығын қолдайды.

Дәптермен жұмыс:

· Күннің ретін, сабақтың тақырыбын жазу.

· Ал, балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке екен? ( Тәуелсіздік күні)

· Ендеше балалар, осы мерекені ұмытпас үшін дәптерімізге жазып алайық.

· 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

· Сөздік жұмысы:

Тәуелсіздік - еркіндік, бостандық





VІ. Жаңа материал бойынша түсініктерін зерттеу кезеңі:

1 топ: «Кесте толтыру»Сатылары

Қайрат Рысқұлбеков

Туылған күні:



Туып өскен жері:



Мінезі:



Әкесінің есімі:



Анасының есімі:



Түскен оқу орны:























ІІ топ: «Сәйкестендіру»





Анасы Ноғайбай

Әкесі Рысқұлбек

Туылған күні Ажар Әбжапарқызы

Туылған жері Александра Михайловна

Түскен оқуы Кадиша

С. Шәкіров мектеп - интернатта Дәметкен оқытқан ұстазы Мойынқұм ауд, Бірлік ауылы

1966 ж.13 нурыз

Құрылысшы

Мойынқұм ауд. Төле би ауылы

1963 ж. 13 сәуір

Сәулет - құрылыс





ІІІ топ: «Топтастыру»

Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»





























ҮІІ. Бекіту кезеңі:

«Тәуелсіздік» бейне роллигін көре отырып, оқушылар көгершіннің артына алғыстарын жаза отырып, өз шарларына іледі.

«РАФТ» әдісі

Роль - Оқушы

Аудитория - Қайрат, Ата - анасы

Форма - хат, өлең

Тақырып - Алғыс

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі:

Фишкалар арқылы

Қызыл - «5»





Сары - «4»





Жасыл - «3»



97 бет мәнерлеп оқу, 98 бет 9- тапсырма.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал