- Учителю
- Тақырыбы: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді. Көбейтіндінің мәні. Көбейту белгісі.
Тақырыбы: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді. Көбейтіндінің мәні. Көбейту белгісі.
Тақырыбы: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді. Көбейтіндінің мәні. Көбейту белгісі.
Мақсаты:
1.Білімділігі: Көбейтудің мағынасын түсіндіру, маңызын көрсету; логикалық ойлауын, математикалық тілін жетілдіру, есептеуге дағдыландыру;
2.Дамытушылық: ой- өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: ой- өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: сызба, геометриялық фигуралар. Әдісі:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сабақтың типі: жаңа ұғым беру сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
Ауызша жұмыс. а). Фигураларға қара. Аттарын ата.
ә) Ауызша есептеулер.
5+5+5+5+5 4+4+4
3+3+3+3+3+3 6+6+6+6+6
7+2+7 9+9
8+1+3 2+2+2+2+2+2+2+2
-
Біз қандай амалды орындадық?
-
Қосу кезінде сандар қалай аталады?
-
Есептеу сендерге оңай болды ма?
-
Ал осы есептеулерді қалай оңай орындауға болатынын білгілерің келе ме?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
- Біз бүгінгі сабақта осы қосындыларды қысқаша жазуды үйренеміз және арифметикалық амалмен танысамыз.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру: Оқулықпен жұмыс.
Дүкенге әрқайсысында 6 қиярдан салып 9 орам әзірлеу керек. Сатуға әзірленген қиярдың саны нешеу?
Есептің шешуін түсіндір:
6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 Бұл қосындыны қысқаша былай жазады: 6 . 9
Мұндағы, 6 - қосылғыш, 9 - қосылғыштар саны.
Сергіту сәті.
Қостық біз, көбейттік біз, Қатты шаршап кеттік біз.
Кәне, тұра қалайық, Қимылдасын қол-аяқ.
Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,
Орнымызға отырып, Сабаққа назар салайық.
Ү .Түсінгендерін тексеру:
-
- Сонымен, балалар, осы істеген жұмыстардан не байқадыңдар?
- Барлық қосындыны көбейтумен алмастыруға болады ма? Неге?
-
Оқулықпен жұмыс: № 2, № 3, № 5
-
Есептерді шығару.
№ 7.
Қарлыған - 85 кг ?, 23 кг артық қарақат Шешуі: ( 85 + 16 ) + 23 = 101+23 = 124
Таңқурай - 16 кг Жауабы: 124 кг қарақат жинады.
№ 8.
Қайсар - 74 өсімдік ?, Лаураныңкі 12 кем Шешуі: (74 + 48) - 12 = 122 - 12 = 110
Лиза - 48 өсімдік Жауабы: Лаураның гербарийінде 110
өсімдік бар
Шығармашылық тапрсыманы орындау.
№ 9. Суретте неше үшбұрыш бар: ( 5 үшбұрыш)
№ 10.( 1 ) 2-ден 6 рет алса, яғни, 2 ∙ 6 = 12; 7-ден 2 рет алса, онда, 7 ∙ 2 = 14
( 2 ) Сәйкестікті анықта:
ҮІ . Сабақтың қорытындысы:
- Көбейту дегеніміз не?
- Нені үйрендіңдер?
ҮІІ. Үйге тапрсыма : № 4, 10 бет. Бағалау