- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша дорба тігу 3сынып
Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша дорба тігу 3сынып
11.04.16ж. Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша дорба тігу
Сабақтың мақсаты:а) Дорба тігу, оны әшекейлеу туралы мағлұмат беру. Тігістің бірнеше түрін үйрету
.ә) Тігістердің түрлерін тігуді дамыту. Матаға белгі салуды қалыптастыру.
б)Инені, қайшыны дұрыс пайдалануға қауіпсіздік ережесін сақтауға ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: плакат, шаблон
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал:
-Балақайлар,көңіл-күйлерің қалай? Қане, барлығымыз бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін мына күннің ең жақсысын, көңілдісін таңдайық. Жарайсыңдар!
II .Қауіпсіздік ережесін қайталау Сендер қандай қауіпсіздік ережесін білесіңдер?
-
Инені ауызға салуға болмайды;
-
Қайшыны ұшымен емес, сабымен бер;
-
Инені ине қадағышқа қада;
-
Қайшыны ашық тастама, ауызға салма;
-
(Балалардың жауабы тыңдалады.)
III .Жаңа сабақ: Үлгі бойынша дорба тігу
Бүгінгі сабағымызда дорба тігуді үйренеміз. Біз дорбаны әдемі, ұқыпты тігуіміз керек.
1.Үлгі пішімін дайындаймыз.
2.Матаға белгі саламыз.
3.Дорбаны теріс жағынан көктеп тігеміз.
4.Жөрмеп тігу.
5.Дорбаның жоғарғы жиегін өңдеу.
6.Дорбаны сәндеу.
IY. Сергіту сәті. Ойын: Кім тез?
Y. Қорытынды.Сұрақ-жауап.
Бағалау
YI.Үйге тапсырма: әдемі етіп дорба тігіп келу.
«