- Учителю
- Открытый урок по Қазақ тілі на тему Біріккен сөздер 4 А сынып
Открытый урок по Қазақ тілі на тему Біріккен сөздер 4 А сынып
«Садовый орта мектебі» ММ
Қазақ тілінен ашық сабақ
Тақырыбы: «Біріккен сөздер»
4А сынып
Мұғалім: Қоянбаева А.А.
2015-2016 оқу жылы
Күні:
Сыныбы:4 «А»
Пән атауы: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталатындығын таныстыра отырып, біріккен сөздер, олардың жаслу жолдары, біріккен сөздердің дұрыс жазылуы, сондай-ақ, біріккен сөздердің өзгерген қалпында айтылуы бойынша жазылуы туралы талдай отырып, мысал келтіре отырып, сабақты меңгеру.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой - өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: алабота, Темірқазық. Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерге қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады. Мысалы: Сарыадыр, Шиліөзен. Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Торыайғыр, Мырзәлі және т.б. Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында айтылуы бойынша жазылады. Мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, қолғап, Қарагөз, Телқожа, Амангелді және т.б.
Сыныппен мысал келтіру: тасбақа- тас+бақа, Талдықорған-Талды+қорған, қарақұрт - қара+құрт, Екібастұз - Екі + бастұз және т.б.
1 - жаттығу. Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған?
Талдықорған (Талды+қорған), егеуқұйрық (егеу+құйрық), еңбеккүн (еңбек+күн), Жетіқарақшы (Жеті+қарақшы), шаңсорғыш (шаң+сорғыш), Қаламқас (Қалам+қас), Жұмабай (Жұма+бай), беташар (бет+ашар), теміржолшы (темір+жолшы), жанкүйер (жан+күейер), асатаяқ (аса+ таяқ), Қызылжарқұдық (Қызыл+жар+құдық).
Әр сөз неше түбірден құралаған?
2 - жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Айгүл, Бейсенбай.
Аң, құс атаулары: қосаяқ, көкқұтан, аққу.
Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп, ақсүйек.
Дене мүшелері: асқазан, сегізкөз, ұлтабар.
Жер - су аттары: Қызылорда, Екібастұз, Шиліөзен.
3 - жаттығу. «Керқұла атты Кендебай» атты ертегіден үзіндіні оқып, көшіріп жаз. Біріккен сөздің астын сыз.
Қаратау, Қарасу, Қазанғап, Кендебай.
Сұрақтарға жауап беру. Дыбыстық өзгеріске ұшқын бәрәккен сөзбен жұмыс жасау.
ІV. Сергіту сәті:
Қолға қамшы аламын
Құрық сілтеп асауға
Атқа мініп шабамын
Мен атамдай боламын!!!
4- жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз. Біріккен сөздердің астын сыз.
Біріккен сөздер дегеніміз қандай сөздер? Мысал келтір.
Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады?
VІ. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу 67 бет.
VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.