7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Табиғи материалдардан әртүрлі композициялар жасау

Сабақтың тақырыбы Табиғи материалдардан әртүрлі композициялар жасау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан әртүрлі композициялар жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғи материалдардан әр түрлі композициялар жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың пайдасын меңгерту.

Дамытушылық: өз бетінше,топпен жұмыс жасауға,ізденуге, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, жасаған бұйымның сапалы болуын қадағалау, еңбекке құштарлығын,қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде,оларды әдемілікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, табиғатты аялауға, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету, интерактивті тақтамен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу, математика, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: табиғи материал түрлері, дайын бұйымдар, интерактивті тақта, т.б.





Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып,түгендеу.Оларды 3 топқа бөлемін. Аяз ата тобы,Ақшақар тобы, Аққала тобы.Топ басшысын сайлайды.Назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Сөзжұмбақ шешу

Табиғат сөзіне құрастыру

  1. Бұйым пішілетін зат? (мата)

  2. Тігін құралы (Қайшы)

  3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)

  4. Тігін құралы (ине)

  5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)

  6. Ұлттық киім (камзол)

  7. Үтіктеу құралы (үтік)

Олай болса табиғат туралы түсінігімізді еске алайық

1.Табиғат дегеніміз не?Оны не істеуіміз керек?

2.Табиғи материал дегеніміз не?

3.Оны неше топқа бөлуге болады?

4.Оларды қалай сақтаймыз?

5. Табиғи материалдан нелер жасауға болады?

6. Композиция дегеніміз не?

7.Табиғи материалмен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?





Жаңа сабақ

Оқушылар айтыңдаршы жаңа жыл дегенде ойымызға не келеді?





Ақшақар аққала

Аяз ата

Жаңа жыл













Шырша шырша ойыншықтары





Сыйлықтар

Олай болса оқушылар алдымызда әлемдегі қуанышқа толы, сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке Жаңа 2016 жыл келе жатыр.Бәріміз жаңа жылдан жарқын ертегі , жаңа бақыт күтеміз.

Жаңа жыл мерекесін осы аталған шыршасыз,Аяз ата, Ақшақар және сыйлықтарсыз елестету мүмкін емес.Олай болса, бүгін біз табиғи материалмен жұмыс түрі «Жаңа жылдық»композициясын жасап үйренейік.

Сергіту сәті

Сарамандық жұмыс

Қажетті заттар:Қатты картон,желім, қайшы, шырша бұтақтары, ағаш бұтақтары, шырша ойыншықтары, жылтырақтар, жасанды гүлдер, ленталар, жылтырақ лак, т.б.

Жасалу жолы:

  1. Арнайы дөңгелек етіп қиылған картон қағазынын бір шетіне желіммен шырша бұтақтарын жапсырамыз.

  2. Оның қасына бір қатар шырша ойыншықтарын,бір қатар итмұрын бұтақтарын жапсырамыз.

  3. Одан соң жасанды гүлдерді,алманы,гирляндамызды жапсырамыз.

  4. Соңынынан жылтырақ лак себеміз.

Қорытындылау: Бүгінгі сабақта табиғи материал түрлерінің көптеген түрлерімен танысып, қандай жұмыстар жасауға болатынын білдік. Ендеше сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.

Табиғи материалдар қайдан алынады?

Қандай түрлерін білеміз?

Қандай бұйымдар жасауға болады?

Қауіпсіздік ережесін айт.

</<font face="Times New Roman, serif">Бағалау:Оқушыларды қағаздан қиып жасалған, шырша ойыншықтары арқылы бағалаймын.

Көк-5

Жасыл-4

Сары-3

Шырша ойыншықтарына өздерінің тілектерін жазып тақтада ілініп тұрған шырша макетіне апарып іледі.

Үйге тапсырма: Табиғи материалдардан «Шырша» композициясын құрастыру







































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал