7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Менің отбасым-менің байлығым

Тәрбие сағаты Менің отбасым-менің байлығым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым» Сабақ мақсаты: а ) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.

ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, Оқушылар бізде бүгін «Менің отбасым-менің байлығым» атты тәрбие сағаты. Отан - отбасынан басталады Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жа с көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтуді, үзбей қарауды керек етеді. Сол сияқты баланы да өзінің кішігірім мемлекетінде,яғни отбасында жан жақты , үйлесімді тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік ортаға араластыру және т.б қарастырылады. Аяжан Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Жангүлім

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да - халық. Жанер

Отбасы - адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу Мұғалім: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Қарақат Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ..Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры. Дильназ Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау. Анам маған «Үлкенді сыйла» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған мұра-ізеттілік, Арымды соған қойған күзеттіріп, Адалдық- менің сәби Айбарым ғой, Маңдайынан жүргені жүз өптіріп. Диана. Ана жанын ана болсаң ұғарсың. Алдыңдағы ол бір биік құзар шың, Балаң үшін биіктен де құларсың. Ана мейірі күн көзімен пара-пар. Тұла бойға қуат болып таралар. Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар! Ән «Ана туралы жыр» К.Назерке Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Әли. Әке деген-биік шыңы адамның, Әке деген- тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойыңда аққан қаның да, Шыққан тегің, ол негізің, жаның да. Не десең де әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп. Нағыз әке ақылгөй де асқар жан, Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Назерке А.Қазақта «Ұлың-қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Әжемнің саясында ержетіп мен, Аялы ақ бесікке тербетілгем. Әжемдей ақ ниетті абзал жанды Таппаспын айналсам да жер бетінен. Жүрегімде әжемнің әжімі бар, Жүрегімде достардың әзілі бар, Жүрегімде өмірдің қызығы бар, Жүрегімде жанымның азығы бар. Ержетіп есейгенде балапаны Арайлап атады екен дала таңы. Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын Қымбат қой әжелердің алақаны. Наргиза: Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.

Артур :Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек. :Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. Исмаил.Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы. :Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді. Ерік: Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.

Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Мұғалім: Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.

Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік.

1 Бала тәрбиесі бесіктен 2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.

3 Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер 4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры

5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6 Ата бәйтерек, бала жапырақ Мұғалім:Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Сұрақтар: Жауаптар:1- Шаңырақ иесі кім? аға2- Кімнің алақаны ыстық? әке

3- ....бардың жағасы бар ана4-...... бардың тынысы бар қыз5-.....өссе елдің көркі іні

6-Әке, ана, аға, апа.....олар? отбасы Ұлағатты сөздер

Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.(Ғ. Мустафин)

Баланың жақсысы - қызық, жаманы -күйік(Абай)

Ата-ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмес(Ғ. Мустафин)

Ата-бабасын сыйламау - азғындықтың белгісі(А.С.Пушкин)Баланың бас ұстазы - ата-анасы.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Атаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.

Анадан артық дос бар ма, Ашудан артық қас бар ма?

Ата-анаңның қадірін - балалы болғанда білерсің, (халық мақалы)







Тәрбие сағаты Менің отбасым-менің байлығым



Тәрбие сағаты Менің отбасым-менің байлығым



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал