- Учителю
- Сценарии Әкелер сайысы. (1сынып)
Сценарии Әкелер сайысы. (1сынып)
Сынып: 1
Сынып сағаты : Әкелер сайысы.
Сабақтың мақсаты.
Тақырыбы: Әкеге қарап ұл өсер
Мақсаты: 1. Халықтық педагогиканы насихаттау,мектеппен ата-ананың байланысын нығайту. Өнерлерімен танысу.
2. Отбасы ынтымақтастығын дамыту, әкелердің бала
тәрбиесіндегі ролін нығайту.
3. Әкеге қарап ұл өсер, әке тәрбиесін алу, үлгі тұту
Өту барысы.
1. Ұйымдастыру
Мұғалім:
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
МУЗЫКА
Жүгізуші: Жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер! Әкеге қарап ұл өсер демекші «Әкелер сайысына» қош келдіңіздер.
МУЗЫКА
Жүгізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Жайнаған мына біздің төрімізге- деп алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ортаға шақырайық, таныс болыңыздар.
1Қанат Асхатұлы
2Азамат Аманжолұлы
3Шоқан Уалиханұлы
4Мадияр Абдрахманұлы
Жүгізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.Бүгінгі сайысымызды бағалайтын
әділ -қазылар
1Мектеп директоры Ерлан Кенжебекұлы
2директордық оқу-жөніндегі орынбасары Ляззат Алиқызы
3Бастауыш сынып мұғалімі Кульзайра Қадырбайқызы
Жүгізуші: Сайыс кезеңдерімен таныс болайық
1.Таныстыру (Қарапайым түрінде):
2.Пияз аршу, ұсақ турау
3. Тұшпара жасау
4. Картоп тазалау, турау
5.Жемістерді турау
МУЗЫКА
Жүгізуші:
Уа әкелер, әкелер,
Бар өнерді көрсетер
Сұлтан атын лайықты,
Кімдер жеңіп әкетер-деп Әкелердің өнерін тамашалайық
1Кезең Таныстыру
Жүгізуші: Қайсысы білгір,білімді,
Талабына қарайық
Кімдер зерек,кім жылдам Тапқырларды табайық-деп 2-ші кезеңге көшейік Пияз аршу, ұсақ турау.
***
Жүгізуші: Сайыста өнер сынайық,
Өнер жақсы лайық,
Жеңіске жетер бірлескен,
Ал, қане, шапшаң табайық -деп 3-ші кезеңді бастайық
Тұшпара жасау
***
Жүгізуші: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.-деп тақпатарды тамашалайық.
***ТАҚПАҚТАР, СЫЙЛЫҚТАР
Жүгізуші: Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
Ұпайлар саның айту.
Жүгізуші: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.-деп 4-ші кезеңді бастайық Картоп
тазалау.
Жүгізуші: Әкем біреу, анам біреу менің,
Мен жығылсам сүйелер тілеулерім.
Олар барда - мереке,
Әлемге тіршіліктің жылуы таралады-деп соңғы 5-ші кезеңге де жеттік
.Жемістерді турау
Жүгізуші: Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп-жігіттер тобын қарсы алыңыздар.
БИ 1 СЫНЫП ҰЛДАРЫ
Жүгізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларға сөз кезегі
беріледі.
қорытынды сөздері
М А Р А П А Т Т А У
Жүгізуші: БИ «Жаяу» мың бұрылған бишілер Кудабаева Зарина, Марденова Анелия
Қорытынды
Мұғалім: Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.
Жүгізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Үйреттік азын-аулақ білмегенін
Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ,
Тағы да үйретерміз аман болсақ- деп сайсымызды аяқтаймыз.Сайысты жүргізген 5сынып оқушысы Тасымбай Улжан.