7


Ашық сабақ. Ауаның қасиеті.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Күні:1.11.2013

</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы: Ауаның қасиеті.

Мақсаты:1.Оқушыларды «Ауаның қасиеті» мәтінімен таныстыру.Тәжірибе жасау арқылы ауаның қасиеттерімен таныстыру.

2.Сөздік қорларын молайту,тілдерін дамыту.Ойлануға жетелеу.

3.Қоршаған ортаны білуге,өмір сүру ережелерін дұрыс орындауға,жақсы өмір сүру үшін денсаулықты сақтауға және қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,әңгімелеу,әңгімелесу.

Көрнекілік:суреттер,плакат

Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.Сабақ мақсатымен таныстыру.Ынталандыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

--Ауаның маңызы туралы айт.

--Ауаның негізгі қасиеттерін айтып шық.Мысалдармен дәлелде.

--Мәтіннің мазмұнын баяндау.

3.Жаңа материалды енгізу.

Ауаның қасиеті.

Ауаның негізгі қасиеті:көзге көрінбейді,түссіз,иіссіз,дәмсіз болады.

Сонымен қатар ауа сығылады.

1-тәжірибе. Допты ал. Оны қолыңмен екі бүйірінен қыс.Бүйірі қабысып ішке қарай кіреді.Бұл кезде доп ішіндегі ауа сығылады.

Үйлердің терезесіне екі қабат әйнек қойылады.Екі қабат әйнек арасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.Себебі ауаның бойынан жылу нашар өтеді.

Қыс кезінде тері,тон,жүн қолғап неге киесің? Әрине,тоңбау үшін.Олардың түгінің арасында ауа бар. Сол ауа денеңнің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.

2-тәжірибе.Жіңішке балауыз шырағданның біреуін тең етіп үшке бөл де,әрқайсысын жағып,үстел үстіне қой.Оның біреуін стақанмен,екіншісін үлкен шыны банкамен жап.Үшіншісін ашық қалдыр.

Байқа.Алдымен қай шырағдан сөнер екен.Әрине,алдымен стақанмен жабылған шырағдан сөнеді.Банкамен жабылғаны ұзағырақ жанады. Ал ашық қалған шырағдан біткенше жанады.

Ауа: сығылады,жылуды сақтайды,отты жанғызады.

Оқулықпен жұмыс.

--Мәтінді оқу.

--Оқушыларға оқыту.

--Сұрақтарға жауап беру. Ауаның қасиеттерін өмірден алынған мысалдармен дәлелде.

Дәптермен жұмыс.

Ауаның барлық қасиеттерін дәптерлеріңе жазып алыңдар.

4.Үйге тапсырма. Мәтінді оқу,мазмұндау.

5.Қорыту,бағалау.

Біз не білдік? Талқылау.

Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал