7


  • Учителю
  • 1-4 сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс «Брейн-ринг»

1-4 сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс «Брейн-ринг»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Интелектуальды ойын: ! Брейн - ринг»Сабақтың мақсаты: Өздерінің ойларын толық жеткізе білу. Қазақ тіліне деген құрметтерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап беру.Көрнекілік: «Орман» бейнеленген суреттер. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері, конверт. карточка, қа
предварительный просмотр материала


Суворов орта мектебі

1-4 сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс

«Брейн-ринг»

Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Башенова Қ.Қ



2014-2015оқу жылы

Интелектуальды ойын: ! Брейн - ринг»

Сабақтың мақсаты: Өздерінің ойларын толық жеткізе білу. Қазақ тіліне деген құрметтерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап беру.

Көрнекілік: «Орман» бейнеленген суреттер. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері, конверт. карточка, қалташық, геометриялық пішіндер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Қайырлы күн балалар! Бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті, қане сол қонақтармен амандасайық

Балалар бір - біріне және қонақтарға жақсы тілектер айтады.

Балалар:

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Міне, менің қолым бос, жылуыма жылу қос.

II. Балалар, бізде бүгін сендермен ойын ойнаймыз. Ойынның аты

«Брейн ринг». (Ребята, сегодня я вас приглашаю на интелектуальную игру. Игра называется « Брейн - ринг» .

Бүгінгі ойынға екі топ қатысқалы отыр. ( Сегодня в игре участвуют две команды)

Бірінші топ:

Тобымыздың аты «Достық».

Ұранымыз: «Біріміз бәрі үшін, бәріміз бір үшін»

Екінші топ:

Тобымыздың аты «Бірлес».

Ұранымыз: « Бірлік болмай, тірлік болмас»

Кәне балалар бір - бірлеріңе сәттілік тілеңдер.

( Ұл балалар бір - бірінің арқасынан қағып «сәттілік тілеймін», «жеңіс тілеймін» Қыз балалар бір - біріне «жолың болсын» деп тілектер айтады.)

Мұғалім:

Жақсы балалар отыра қойыңдар. Сегодня мы будем отвечать на письма телезрителей. Если вы правильно ответите на вопросы то прочитаете слово. Номірлік тапсырмалар асықпен белгіленген.

Сонмен ойын басталды. И так игра начелась. Ойынды бірінші болып «Бірлес» тобы бастайды

1 тапсырма: Әр топ жетекшісі өзі жайлы айтып берсін.(Тапсырма орындалған соң бірінші ( Қ ) әрпі ашылады.

2 тапсырма: 1-топ. Жыл мезгілдерін дұрыс орналастырыңдар.

2-топ. Ұлттарды дұрыс орналастырыңдар

(А әрпі ашылады)

3 тапсырма: «Достық» тобы мен «Бірлес» тобына тапсырма:

Үй жануарларын дұрыс табыңдар. Тапсырма орындалған соң (З) әрпі ашылады.

III. Балалар шаршаған боларсыңдар, енді тұрып сергіту сәтін жасап жіберейік.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Жарайсыңдар балалар сәл демалдық, енді сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

4 тапсырма: Отан, еңбек, туралы мақал - мәтелдер айтып беріңдер.

«Отансыз - адам, ормансыз бұл - бұл»

« Отан - алтын бесік»

«Отан - оттан да ыстық»

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ысты

«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей»

« Еңбек түбі - береке»

«Ер дәулеті еңбек»

«Адам жерге нәр береді, жер адамға нан береді»

(Тапсырма орындалған соң ( А ) әрпі ашылады.

5 тапсырма: «Достық» тобы мен «Бірлік» тобына:

Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.

(Тапсырма орындалған соң ( Қ ) әрпі ашылады.

6 тапсырма: Жұмбақтарды шешіңдер:

(Тапсырма орындалған соң ( С ) әрпі ашылады.

7 тапсырма: : «Достық» тобы мен «Бірлік» тобына:

Отан, туған жер,қала сөздерінен сөйлем құраңдар..( Алматы - бас қала, Астана - жас қала. Отан - алтын бесік).

(Тапсырма орындалған соң ( Т ) әрпі ашылады

8 Тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны.

АШАҒ - ағаш

РКҮҚЫЙКЕ - қыркүйек

ҚУЛҚЫО - оқулық

ЗАҚАҚ - қазақ

МАЛАҚ -қалам

ЛЕЖСАНТОҚ- желтоқсан

(Тапсырма орындалған соң ( А ) әрпі ашылады

9 тапсырма: Кестеден Қазақстанда мекендейтін құс атауларын тап

(Тапсырма орындалған соң ( Н ) әрпі ашылады.

IY.Осымен балалар біздің сөзімізде ашылды.И так открылась слово давайте почитаем что за слово. «ҚАЗАҚСТАН». ( Что означает это слово)

Мұғалім: Біз сендермен қандай республикада тұрамыз екен?

Балалар:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Мұғалім: Ел ордамыз қай қала?

Балалар:Елордамыз Астана қаласы.

Мұғалім: Мемлекеттік тіл қай тіл?

Балалар: Мемлекеттік тіл қазақ тілі.

Мұғалім: Балалар Қазақстан туралы тақпақ айтып беріңдерші.

Қазақстан.

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім,

Туған елім

Күн сәулелі - Қазақстан!

Қорытынды:

Y. Сонмен балалар барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Жақсы көрсеткен білімдерің үшін сендерді құттықтаймын. Сендерге арналған сыйлықтарымды қабыл алыңдар. Қатысқан оқушыларға жетістіктері үшін сыйлықпен марапатталады.

Екі топтың командирлері бір - бірін құттықтайды.

Ал құрметті қонақтар сіздерге арнап ән сыйлаймыз.

Бәріміз қосылып « Бала тілегі» әнін айтайық.

Осымен « Брейн - ринг» деген ойынымыз аяқталды сау болыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал