- Учителю
- Қысқа мерзімді жоспар Санды бірнеше есе арттыру және кеміту 3- сынып
Қысқа мерзімді жоспар Санды бірнеше есе арттыру және кеміту 3- сынып
Күні |
13.11.2015 жыл |
3-сынып |
Сабақ тақырыбы: |
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту | |
Сілтеме |
3-сынып "Математика" оқулығы | |
Мақсаты: |
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік қалыптастыру. | |
Күтілетін нәтиже: |
А. Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы біліп түсінеді. В. Есе арттыра және есе кеміте отырып, оларды бір-бірінен ажырата алады. С. Есе арттыруға және кемітуге берілген есептерді шығарып, олардың ерекшеліктеріне қорытынды жасай алады. | |
Уақыты Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І. Кіріспе 2 минут
ІІ. Тұсаукесер 5 минут
1 минут
ІІІ. Негізгі бөлім 10 минут
7 минут
3 минут
5 минут
7 минут
ІҮ. Қорытынды 2 минут
2 минут
1 минут
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сыныппен амандасып, фигуралар арқылы топқа бөлу ұйымдастырылады. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
"Автор орындығы" әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру Орындыққа бір оқушы шығып отырып, оған сұрақтар қою тапсырылады. Соңында №9 тапсырма тексеріледі.
- Балалар, бүгінгі сабақта санды бірнеше есе арттыруды және кемітуді біліп түсінетін боламыз.
Салыстырып, қорытынды жаса! Кесте арқылы санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсініктерін қалыптастыру.
|
|
4 |
4+2 |
4*2 |
Қорытынды: Санды 2-ге арттыру үшін санға 2-ні қосу керек. Санды 2 есе арттыру үшін санды 2-ге көбейту керек.
6
6-2
6:2
Қорытынды: Санды 2-ге кеміту үшін саннан 2-ні азайту керек. Санды 2 есе кеміту үшін санды 2-ге бөлу керек.
Топтық жұмыс
Әр топқа кесте сызылған флипчарт ұсынылып, ондағы кестедегі тапсырманы орындау ұсынылады.
1-топ: 6-ға арттыру және 6 есе арттыру;
2-топ: 6-ға кеміту және 6 есе кеміту.
Топтық жұмысты "Бағдаршам" арқылы бағалау ұсынылады.
Кім шапшаң?!
Алғырлықтарын анықтау мақсатында бос орындарға тиісті амал таңбаларын қою тапсырылады.
18 3 3=9 36 6 2=12
14 14 6=6 28 7 3=7
Жұптық жұмыс
№4. Теңсіздіктер тура ма? Тексеріп, тура теңсіздіктерді жазу қажет.
№5. Өрнектердің мәндерін табу.
"Брайнрайтинг" әдісі
Мәтінді есептерді флипчартқа жазып, есептеу қажет. Бірінші топ бастап флипчартқа есептің шартын жазса, келесі топ соны жалғастырып, шешуі мен жауабын жазу керек.
Рефлексия
"Ашық хат" арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерін қорытып жазу тапсырылады.
"Бас бармақпен" өз-өздерінбағалау
Үй тапсырмасы
90-бет, №10, 11
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!!
Мұғаліммен амандасады. Оқушылар топқа бөлініп, топтың ережесін еске түсіреді.
Оқушылар орындықта отырған оқушыға 6-ға көбейту және бөлу кестесі бойынша сұрақтар қойып, автор жауап береді.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді.
Мұғалім жетекшілігімен салыстыра отырып, санды бірнеше есе арттыру мен кемітуді меңгереді.
Әр топ мүшелері кестені пайдалана отырып, кезекпе-кезек флипчартты айналдыра отырып толтырады. Кейін топтың бір мүшесі оқып шығады.
Өз бетінше тез ойланып, бос терезелерге тиісті амалдарды қояды.
Жұмыстарын оқып, өз өздерін
"Бас бармақпен" бағалайды.
Топ ішіндегі мүшелер көршілерімен жұптасып, тапсырманы орындайды.
Топтарға орындау үшін №6, №7 мазмұнды есептер ұсынылады. Өздері топтасып оқып, орындайды.
Әр оқушы өз ойын жазады.
Әр оқушы өздерінің сабақтағы деңгейін көрсетеді.
.