7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Қазақстан' 4-сынып

Ашық сабақ 'Қазақстан' 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. М.Мақатаев.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: тақырып бойынша кеңінен түсінік беру,

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету,өз ойларын толық айтуға жетелей отырып,сөздік қорын молайту,шығармашылығын арттыру,

  3. Туған жерді сүюге,ұлттық салт-сананы қалыптастыра отырып,патриоттық тәрбиеге баулу.


Сабақтың көрнекілігі:М.Мақатаевтың суреті,кубик,слайдтар,үлестірмелі бетшелер,

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану,

І.Ұйымдастыру бөлімі:Оқушыларды түгендеу,жинақтау.

Күн туралы өлең кірістіру

ІІ.Өткенді пысықтау: үй тапсырмасын сұрау

.-М.Мақатаев. туралы ғаламтордан не біліп келдіңдер? Қысқаша әңгімелейік.

-Балалар,отан туралы тағы қандай өлең жолдарын білесіңдер,естеріңізге түсіріңдерші?

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті үнін сүйем,

Мен оның құдіретті тілін сүйем

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған отан деп сыбырлаған,

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Боз торғайы бол оның бол оның шырылдаған.

Отан,отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

-Иә, Отан.Балалар, мына күнге қараңдаршы,мұнда қандай сөз жазылған?

-Йә, Отан.

-Олай болса, осы сөзге мағынасы жуық сөзді табайықшы,отанды тағы қалай атауға болады. Әрбір сәуле шашқан шапағына сол создерді орналастырамыз.

Отан

-Йә, Атамекен, Туған жер, Туған ел , Астанам, Қазақстан.

ІІІ.-Йә, балалар, бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың « Қазақсатан»- деген өлеңімен танысамыз.

-Жарайсыңдар, енді барлығымыз жинақталып отырып, мұқият ден қойып тыңдаймыз.

Мұғалім өлеңді дауыстап, мәнерлеп, оқып шығады

Қазақстан.

Жақсаттанды демессің сүйем десем,

Табынатын тәңірім ием де сен.

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.


Сен менің сүйегім де, қанымдасың

Жанымдасың ұятым, арымдасың.

Саған деген махаббат дамылдасын,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын.


Өзіңше түсіңде ерек, ісіңде ерек,

(Сырым бар саған айтар ішімде көп,

Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,

Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.


Қазақстан!

Пай,пай,пай!

Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай

Өлмейтін махаббатым арманым-ай!

-Ал балалар, бұл өлеңнің мазмұнынан не түсіндік?/мазмұнын әңгімелеу/

4.Оқулықпен жұмыс:

1) өлеңді дауыстап әр оқушыға оқыту

2)сұрақтарға жауап алу

3) Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай-деген жолдағы Шолпанымсың сөзінің мағынасын ашу.

5.Дәптермен жұмыс.

1.Күннің жадын, тақырыпты жазу.

2. «Қазақстан»-сөзінен бірнеше сөздер жазу.

Мысалы: қаз,қазақ,ақ.астана,қант,тана,қас,тас,сан,қан,азан,қазан,асқазан,тас,таз,тақ,сазан,санат.

-жазған сөздерді оқыту

6.Сергіту сәті./музыка әуенін тыңдап, бойымызды еркін ұстап, көңіл -күйімізді көтереміз

Оқушыларды 3 топқа бөліп, шығармашылық тапсырмалар беру

7. І-топ Синкуэн.Бес жол өлең құрастыру, ІІ-топ эссе жазу, ІІІ-топ өлең шығару,

1.Зат есім.(кім?,не? )Қазақстан

2.Сын есім.(қандай?,Қай?)

3.Етістік. (не істеді?,не қылды?,қайтті? )

4.Көңіл күйді білдіретін сөйлем.

5. Мағынасы жуық 1 сөз/Синоним/

8.Оқушылардың орындаған жұмыстарын оқыту.

9.Кубизм стратегиясы ./ жер- су аттарын,таулардың атауы, карточкілерде беріледі/

1.Қазақстандағы қандай қалаларды білесің?

2.Қазақстандағы озендердің аттары ата?

3.Қазақсатдағы ьтаулардың аттауларын ата?

4.

10.Сабақты қорыту.-Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?,не білдік?

11.Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар Назарбаевтын дарында балалар мектебіне жолдама алды(ынталандыру мақсатында)

12. Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау.

13.Жүректен-жүрекке.

-Балалар, енді біз әрқайсысымыз өзіміздің туған елімізге,Қазақстанымызға тілектерімізді айтсақ.

14.Сабақ аяқталды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал