7


  • Учителю
  • Сабақ Табиғатты құштарлық(1 сынып)

Сабақ Табиғатты құштарлық(1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер Мейірімділік, қайырымдылық, адалдық.

Класс 1

Сабақтың мақсаты: оқушыларды табиғатты аялауға баули отырып, қиянат жасамау құндылық түсінігін кеңейту.

- табиғат ұғымын түсіндіру, табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, аялы қарым -қатынастарын дамыту;

- табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

  • Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма,

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқандарыңды елестетіңдер. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалардың шуылына құлақ түріңдер.Жалаң аяқтарыңмен құмды сезіңдер. Шалғайдан қара нүкте көрінеді: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңдер. Ол сендерді теңіз түбіне ару үшін келді. Дельфиннің арқасына отырыңдар, мықтап ұстап, жолға шығыңдар.дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жақтарыңа қараңдаршы: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған қаншама әсем балықтар. Суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңдаршы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңдаршы ... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сендер бір нәрсені байқадыңдар ма? Мұнда неткен тұңғиқ, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңдар.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындаламыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңдар және тыныштыққа құлақ түріңдер. Осындай тыныштық сендерге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сендер су бетіне шығып, жағаға жақындадыңдар. Дельфиннің арқасынан түсіңдер, оны сипап, ризашылықтарыңды білдіріңдер.

Сыныпқа оралыңдар және өз орындарыңа келіңдер. Бірнеше секундтан соң көздеріңді ашыңдар, осы түйсінген тыныштықты өз бойларыңда сақтауға тырысыңдар.



Үй жұмысын тексеру. М.Әбдрашеваның «Орманшының баласы» әңгімесі.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Орманшының баласы орманға не үшін келді?

  • Баланың алғашқы ойы неліктен өзгерді?

  • Табиғатты сақтау үшін сендер қандай үлес қосар едіңдер?



ІІ Дәйексөз. Мұғалім оқып береді. Оқушылар 2-3 рет қайталап, мағынасын ашады.



Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам).

  • Қандай адамдар қиянат жасамайды?

  • Ал жүрегі таза деп қандай адамдарды айтамыз?





ІІІ Әңгімелеу. Толымбек Әбдірайымның «Қайынның көз жасы» әңгімесі.



Қайынның көз жасы

Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр.

Бес жасар Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір- шүпір балаларға толы. Асыр салып, суға шомылып жүр. Қапан шолақ шалбарының ышқырын бір көтеріп, үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайынның жалқы бұтағын сындырып алды. Дереу «атқа» мінді де, ауыл жетіне қарай «шаба» жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған.

Қапан кешке бұтағы сындырылған бала қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:

- Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр? - деді қайыңның діңін нұсқап.

- Су емес… Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Жаны жараланып жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсің, байғұс! Табиғат перзенті тал-терек ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы…

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.



Сұрақтарға жауап беру, талқылау.

- Балалар әңгіме сендерге ұнады ма?

- Кім туралы екен?

- Қапан не үшін ағаш бұтағын сындырды?

- Қалай ойлайсыңдар, ол дұрыс істеді ме? Неге?

- Сен оның орныңда болсаң не істер едің?

- Сен оның досы болсаң, оған не айтар едің?



Сергіту сәті:Күнге қарап қолымды

Бір, екі, үш деп соғайын (қолды соғу)

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын (бір-біріне қол бұлғау)

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын (сипау)

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақыныммен

Қолыңды бер, қысайын (қолды қысу).



ІV Шығармашылық жұмыс. «Бізге қиянат жасама» (сөйлемдерді аяқтау).

«Егер мен гүл болсам, ......»

«Егер мен өзен болсам, ......» (шалғын, ағаш, көбелек, т.б.)

V Топпен мәнерлеп оқу.

Армысың, алтын Күн! Бас ием тауларға,

</ Көгілдір көк аспан! Жамылған қарларға.

Бармысың, құстарым! Жайқалған даланы,

Қанатты достарым! Табиғат - Ананы

Суларым таза ма? Көруге сағынып,

Талдарым аман ба? Келген біз балаңыз!

- «Табиғат - Ана» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Қорытындылау)

VІ Үйге тапсырма беру. «Біз және табиғат» сурет салу. Өлеңді оқу 109б.

VІІ Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Жақсылық ойлау, жақсылық жасау біздің қолымыздан келеді. Бүгінгі сабақта алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді жайлап көздеріңді ашсаңыздар болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сендерге көп рахмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал