- Учителю
- 'Алғашқы қоңырау' 1-сыныпқа арналған әдеби монтаж
'Алғашқы қоңырау' 1-сыныпқа арналған әдеби монтаж
«Алғашқы қоңырау» мерекесінде бірінші сыныптың сценарийі
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.
II-жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.
1-балдырған: Руслан Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп, (…..)
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.
2-балдырған: Риза Онда мына машинаңды неге тастамайсың? (…....)
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.
3-балдырған: Диар Жоқ, ол жетіге толды, (…......)
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық.
Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.
Айғаным: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма? (….....)
Руслан: Мектеп.Мектеп деген ол не өзі? (…..)
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?
Алсу: Мектеп - ол үлкен орда,
Оқимын дегеннің бәрі сонда.
Диар: Онда не береді?
Менің де барғым келеді.
Айғаным: Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке, (….......)
Оқисың, әрине, сен де мектепте.
Риза: Мектептен үйрендің сен нені? (.................)
Көп пе оның сендерге бергені?
Алсу: Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің
Айғаным:
Мектепте домбыра қағуды үйренесің,
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың,
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Алсу: Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.
I жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.
II жүргізуші: Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
Хор: «Мектеп-ана».
1-оқушы: Ақмерей Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
2-оқушы: Руслан Қуаныш бүгін - мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
3-оқушы: Айғаным Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
4-оқушы: Диар Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
5-оқушы: Айсұлу Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
6-оқушы: Ерасыл Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.
7-оқушы: Риза Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
8-оқушы: Шыңтүлек Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.
9-оқушы: Мөлдір Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп - анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау
10-оқушы: Жантемір Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
Ән тамашалаңыздар. Айғаным мен Айсұлудың орындауында «Мектебім»
4