- Учителю
- Открытый урок Шегіртке мен құмырсқа
Открытый урок Шегіртке мен құмырсқа
Пәні: әдебиеттік оқу күні: 12.10. 2016 ж сыныбы: 3 «Ә»
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаты: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқи отырып, негізгі идеясын түсіну. Сын тұрғысынан ойлана кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру. тірек сөздердің мағынасын ашу. Жыл мезгілдеріне байланысты шегіртке тіршілігіне баға беру; Топтық жұмысқа қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шеңбер», «Серпілген сұрақтар» (доппен), «Түртіп ал», Венн диаграммасы
Модульдерді кіріктіру: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқыту үшін бағалау,оқуды бағалау.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.Талантты және дарынды балаларды оқыту.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.Оқыту мен оқудағы көшбасшылық.
Оқыту нәтижесі: - Мысалды оқи отырып, негізгі идеясын ашады; кейіпкерлердің іс-әрекетіне мінездеме береді.Тірек сөздердің мағанасын ашады. Жыл мезгілдеріне байланысты шегіртке тіршілігіне баға береді, адам өміріндегі іс-әрекетпен байланыстырып тұжырымдайды.
Түйінді идея: Мысал кейіпкерлеріне қарап қорытынды жасау
1.
3 мин
Оқушыларды топқа бөліп, топбасшы сайлатамын.
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Бағалау туралы түсіндіріп жіберу.5 күлтешесі бар гүл салғызу және әр кезеңінде бағалатып отыру
Оқушылар топқа бөлінеді. Топбасшы сайлайды. Жылы, достық қарым-қатынас орнайды.
Тамаша!
Суреттер, күлтеше
2.
7 мин
Білу. Өткен тақырыпты тексеру.
«Серпілген сұрақтар» (доппен)
Допты әр оқушыға кезек лақтырады. Өткен тақырып қандай және оның авторы. Не туралы айтылады? Қай жер суреттеледі? Күзгі ауа- райы қандай екен? Табиғат қандай өзгеріске енеді? Борсықтың тіршілігі. Тиінді сипатта. Қоян туралы айт.
Допты қағып алған оқушы ой-пікірлерін ортаға салады, шағын ойталқы жүзеге асады.
Жарайсыңдар!
Үй тапсырмасы бойынша смайликпен бағалау.
Оқулық, доп, сұрақтар..
3.
9 мин
Түсіну. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
1.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? (құмырсқа)
2.Ат басты,арқар мүйізді,бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты, құмырсқа ізді,бота тірсекті.
(шегіртке)…
-Кейіпкерлері жан-жануарлар болатын шығарманың түрін қалай атаймыз?
Мысал.
Мысал дегеніміз-адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын жан-жануарлардың іс-әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
-Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
Ал бүгінгі сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
Бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын жазамыз.
Балалар мына суретке қарай қояйық кім екенін білеміз бе?
Қане кім айтады Абай кім болған? Ақын, кемеңгер, данышпан,сазгер
Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда.мың сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген - мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші шілдеде 59 жасында қайтыс болған.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, сазгер, аудармашы. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударған.
Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «Шегіртке мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз .Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крыловтан аударған.
Иван Андреевич Крылов - белгілі орыс жазушысы, мысалшы,журналист, академик . И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде офицердің отбасында дүниеге келген.
Оқулық, суреттер,
4.
10 мин
Қолдану. Суреттерден не көріп отырсыңдар? Қандай жыл мезгілі бейнеленген? Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? Шегіртке неліктен жылап тұр.
«Түртіп ал»
Мәтінді 3 бөлімге бөледі. Әр топқа өз бөлімін оқуды тапсырады.Өзара бір-біріне мазмұндатады.
Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады.
Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады.
Жарайсыңдар!
Сурет, оқулық 48-бет
5.
1 мин
Сергіту сәтін орындатамын.
Абай атамыздың бір шумақ өлеңін жатқа айтқызу
Шаршағандары басылып, сергіп қалады.
6.
10 мин
Талдау.
Жаңа тақырыптан не түсіндің?
«Жаз мезгіліндегі шегіртке» және «Қыс мезгіліндегі шегіртке» постерге түсіру.
«Жаз мезгіліндегі шегіртке» және «Қыс мезгіліндегі шегіртке» топтастырып, жобалайды, сызады не салады, жазады, топта талқылайды.
Стикер,музыка. флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы, желім
7.
3 мин
Жинақтау.
Шығармашылық тапсырма:
«Венн диаграммасы»
(құмырсқа мен шегірткенің ұқсастық және айырмасы) 1.Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта.
2. Құмырсқа орнында болсаң не істер едің? .- деген сұрақпен метатану дағдыларын өрістету.
Салыстырады, өз пікірлерін айтады.
Өте жақсы!
Дәптер.
8
1 мин
Рефлексия.«Басбармақ» әдісі
«Басбармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Сурет
9.
1 мин
Бағалау.
Топ басшысының бағалауы
Жиынтық баға
Күлтеше бағалау парағы
10
1 мин
Үйге тапсырма: Шегіртке мен құмырсқаның іс әрекетін сипаттайтындай мақал- мәтел жинақтау.
Күнделікке жазып алады.
Күнделік
Оқу ісінің меңгерушісі:
Ұстаным.
Әр баланың пікірі құнды.
Ұстаздың әр сөзін зейінмен тыңда. Бірлік бар жерде тірлік бар.
Еңбек бәрін де жеңбек.
Осының бәрі де біздің қолымыздан келеді.
Венн диаграммасы