7


  • Учителю
  • Заттын кимылын билдиретин создер

Заттын кимылын билдиретин создер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Жамбыл облысы.Шу ауданы.Көкқайнар ауылы.С.Естемесов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоқташбаева Шырын БекеновнаПәні:Сауат ашуЗАТТЫҢ ҚИМЫЛЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР.НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫСабақтың мақсаты: 1.Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру, о
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы.Шу ауданы.Көкқайнар ауылы.С.Естемесов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоқташбаева Шырын Бекеновна

Пәні:Сауат ашу

ЗАТТЫҢ ҚИМЫЛЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР.

НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ

Сабақтың мақсаты: 1.Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру, оларды ажырату. Наурыз туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, ойын тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру, тану, пайымдау, іздену, қолдану.

3.Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сызба, суретті дидактикалық материалдар.

Әдісі: блумен жүйесі, деңгейлеп оқыту.

Түрі: жарыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Танып білу кезеңі.

Атқарылатын істер

1.Оқушыларды ұйымдастыру, сабақтың мақсатын хабарлау.

2.Сыныпты екі топқа бөлу.

«Ақтөс» тобы, «Құтжол» тобы.

3.Өткенді қайталауға арналған сұрақтар:

-Заттың атын білдіретін сөздер деген не?

-Адамға қатысты айтылатын сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

-Не? Нелер? Сұрағы нелерге қойылады?

-Қандай сөздерге бас әріппен басталып жазылады?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Сөйлем деген не? Мысал келтір.

-Сөйлем деген не?

(Жауапқа ұпай беріп отыру)


Сабақ жүйесі

Түсіну

Танып білу

Оқушылардың білімдерін жирақтау

Түйсіну

Ой дамыту

Оқушыларды іздендіру

Қорытынды

Біріктіру

Қолдану

Сызба бойынша өткен сабақты қорыту.

Жануарлар

Бас әріппен жазылады

Жер,су аттары

Адамдар

Заттар

Кім?Кімдер?

Не?Нелер?

Заттың атын білдіретін сөздер


ІІ. Түсіну кезеңі

1.Сурет бойынша әңгімелеу. Наурыз мерекесі туралы әңгіме.

2.Жылға таласқан жануарлар туралы ертегіні еске түсіре отырып, жыл басының тышқан жылы екенін және биылғы жаңа жыл туралы әңгімелеу.

3.Наурыз айының, көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы айтып өту. «Наурыз - жыл басы» өленін оқу.

Жыл аттарын оқу.

-Наурыз тойы күні үлкен болсын, кіші болсын мейрамға келіп, көңілді ойын - сауық құрады. Мұнда шарап ішу, ренжу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салған. Тойда ат жарыс, жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс түрлері, ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!» - деуді ұмытпаған жөн.

4.Сурет бойынша құрылған сөйлемдерді талдау.

Мысалы:Әже наурыз көже пісірді.

Кім? - Әже - заттың атын білдіреді.

Не істеді? - пісірді - қимылды білдіреді.

5.Әр түрлі қимылдар келтіре отырып, ережені қорытып шығару.

Заттың қимылын білдіретін сөздер

Қимылды білдіреді

Не қылды?

Не істеді?Қайтті?


ІІІ. Қолдану кезеңі

1.Дәптермен жұмыс: Көркем жазу.

Наурыз - жыл басы.

2.109 - жаттығу бойынша жұмыстар жүргізу.

«Ақтөс» тобы: Қимылды білдіретін сөздерді теріп жазу,

«Құтжол» Қимылды білдіретін сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.

ІV.Сергіту сәті.

Наурыз жыры.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасау.

V.Біріктіру кезеңі. 1. 110 - жаттығу. Ауызша талдау.

2.Деңгейлік тапсырмалар түрлері:

«А» тобы: Шығармашылық диктант - тиін туралы әңгіме құрау.

«Б» тобы: Терме диктант - қимылды білдіретін сөздерді байланысып тұрған сөзбен бірге теріп жазу.

«С» тобы Өздік диктант - тиін сөзіне сөйлемдер құрау, қимылды білдіретін сөздерді табу.

«Д» тобы: Суретті диктант - сурет арқылы қимылды білдіретін сөздерді жазу.

VI. Ой дамыту кезеңі.

«Бәйге» ойыны. Викториналық сұрақтар:

  • Көктем айларын ата.

  • Наурыз мерекесі қашан болады?

  • Наурыз көже деген не?

  • Күн мен түн қашан теңеледі?

  • Жыл аттарын ата.

  • Аптаның күндерін ата.

  • Көктемде қандай құбылыстар болады?

  • Көктемнің алғашқы гүлі?

VII. Түйсіну кезеңі. 1. Жаңа сабақты қорыту.

Қимылды білдіреді

Не қылды?Не істеді?Қайтті?

Сөйлемнің соңында келеді

Заттың қимылын білдіретін сөздер


2. Наурыз туралы қорытындылау.

Құстар келеді

Ұлттық мереке

Жыл басы

Көктем айы

Күн жылынады

Наурыз

Мал төлдейді

VIII. Қорытынды бөлім.

Екі топтың ұпайларын санау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Жыл аттарын және ереже жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал