- Учителю
- Математика.Тақырыбы:Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер 2 сынып
Математика.Тақырыбы:Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептің жаңа түрімен таныстыру, өтілген есептеу тәсілдері туралы алған білімдерін пысықтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа , шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: фигуралар, карточкалар, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз беттерінше жұмыстану.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға оттырып
Өзара көз тастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Теңдеу шешу-7.
1.Есіңе түсіріп, қайтала.
60 40 70 50
20+10+? 13+15+? 40+?+9 26+18+?
?+27+13 ?+8+25 17+?+35 19+?+24
III. Жаңа сабақ.
2. Есептерді салыстыр және оларды шығар.
а) Бірінші бөлім-7м
Екінші бөлім-4м
Үшінші бөлім-8м
Барлығы-?
Шешуі : 7+4+8=19
Жауабы: барлығы: 19м мата
ә) Барлығы-19м
Бірінші бөлім-7м
Екінші бөлім-4м
Үшінші бөлім-?м
Шешуі : 19 -(7+4)=8
Жауабы: үшінші бөлікте 8м мата бар.
қосылғыштарды азайту керек.
3. Үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап.
3см; 6см ; ? 6см; 6см; ?
Р=16 Р=18см
16-(3+6)=7 18-(6+6) =6
Үшінші қабырға-7см Үшінші қабырға-6см
3. Сызбаға қара . Есепті әртүрлі тәсілмен шығар.
а) Барлығы-97 балық
Семсерқұйрық-29
Неон-42
Гуппи-?
Шешуі: 97-(29+42) =26
97-42-29=26
Жауабы: 26 гуппи балығы бар.
б) Кітаптың беті-90
I тарау-25 бет
II тарау-20 бет
III тарау -?
Шешуі: 90-(25+20) =45
Жауабы: III тарау -45 бет
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алайық.
5. Есепті шығар.
а) Барлығы-34құс
Шіл-12
Саңырауқұр-15
Бөдене-?
Шешуі: 34-(12+15) =7
Жауабы: 7 бөдене
ә) Шіл-12 ?
Саңырауқұр-15
Бөдене-? сонша
Шешуі: 12+15=27
Жауабы: 37 бөдене
б) Шіл-12
Саңырауқұр-? 6-артық
Бөдене-? 7-артық
Шешуі: 12+6+7=25
Жауабы: 25 бөдене
7. Кім жылдам?
92-27 14+39 71-28 36+27 75-37
34-19 29+54 91-38 49+28 79+17
IV. Сабақты қорытындылау.
Бағалау.