- Учителю
- Урок по математике на тему Көп' және 'бір'. 1 саны және цифры. 1 Сантиметр' (1 класс)
Урок по математике на тему Көп' және 'бір'. 1 саны және цифры. 1 Сантиметр' (1 класс)
Тақырыбы: «Көп» және «бір». 1 саны мен цифры. Сантиметр.
Мақсаты: 1. 1 санының мән-мағынасын ашу; сан және цифр туралы түсінік беру; 1 цифрын жазып
үйрету; «сантиметр» туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
2. Танымдық қабілеттерін, зейіндерін, логикалық ойлау қабілетін, дұрыс және нақты
математикалық тілді дамыту.
-
Оқытудың өмірмен, ғылыммен практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын
Ғылыми көзқарасын тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Формасы: аралас
Ұйымдастыру формасы: ұжыммен, жұппен.
Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, жинақтау, дәлелдеу, дид. ойын.
Көрнекілігі: цифр үлгісі, жазу үлгісі, санау материалы(құстар, гүлдер)
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Қай сан жоқ?» ойыны. 1-ден 10-ға дейін тура, кері санау
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Заттар тобын салыстыру, теңестіру жаттығулары (4 құс және 3 піл)
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. 1. Практикалық жұмыс: 1) ұлдар орнынан тұрады, барлығы қанша, Мүслім нешеу, Мадиар нешеу?
2. Көп заттың ішінен бірді бөліп алу: торғай нешеу; бір торғайды көрсету.
3. Оқулықпен жұмыс: №1 талдау, дәлелдеу
4. 1саны және цифрымен таныстыру, баспаша және жазбаша түрімен таныстыру.
Сергіту сәті
ІV. Сантиметрмен таныстыру. 1. №2 санау, салыстыру (қызыл мен сары, жасыл мен көк жолақтар)
2. Сызғышпен жұмыс: қарау, не үшін қажет, қандай белгілер бар, сызғыштың әр бөлігі 1см, ол жерде цифр тұратынын анықтау.
3. №3 Көз мөлшерімен ең ұзын кесіндіні табу
V. Дәптермен жұмыс. 1. 1 цифрын жазу үлгісін түсіндіру . №2 орындау
2. №1,3 тапсырмаларын өздігінен орындау
VІ. Қорытынды. Санамақ құрастыру.: Бір дегенім - бесік,
Екі дегенім - есік,
Үш дегенім - ұшақ,
Төрт дегенім- тұрақ