- Учителю
- Әдебиеттік оқу 'Әдемі құс'
Әдебиеттік оқу 'Әдемі құс'
Әдебиет
Тақырыбы: Әдемі құс
Мақсаты: 1.Әңгіменің мазмұнын меңгеруге,тотықұс туралы түсініктерін
толықтыруға жағдай жасау.
2.Сөздік қорлары молаяды,сөйлеу дағдысы дамиды,ортақ
қорытынды шығара білуге дағдыланады.
3.Табиғатты аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: Әр түрлі слайдтар,тотықұс суреттері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
׀׀.Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш,нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
׀׀׀.Үй тапсырмасын тексеру
1)Шығу парағын талдау
2)-Қазақстанның Қызыл кітабына енген қандай құстарды білеміз?
(Құс аттарына қарай топқа бөліну)
1-топ-аққу
2-топ-бүркіт
3-топ-бүркіт
4-топ-тырна
3) «Құстарға зиян келтірушілерге» жазған хаттарын топта талдау ,қорғау.
4) « Торғай ағаш қорғайды» өлеңді жатқа оқыту,салыстыру.
IV.Жаңа сабақты оқып үйренуге дайындық
V.Сергіту сәті
- -Сендер құстардың даусын естідіңдер,олардың қандай түрлерін білесіңдер?)
(Киелі,әнші,жыртқыш,қыран,үлкен ,кішкентай,әдемі)
VI.Жаңа сабақ
1.Кіріспе
2.Мәтінмен жұмыс
а)Мәтінді «Болжау» стратегиясы бойынша оқып шығу
ә)Әр топ өз ойы бойынша аяқтайды
б)Мәтінді оқыту
в)Топқа тапсырма
1-топ-Мейіржанға мінездеме беріңдер
2-топ-Сурет салыңдар
3-топ-Тотықұстың Мейіржанға алғысы
4-топ-Бес жолды өлең
VII.Жаңа сабақ бойынша білімдерін бекіту
Тотықұс туралы слайд көрсету,әңгімелеу.
VIII.Оқушы білімін бекіту
Не білдің? Не ұнады? Не білгің келеді?
(Шығу парағын толтыру)
IX.Қорытындылау
Оқушы жауабын жүйелеу,қорытындысын шығару
X.Бағалау
(Жинаған суреттері бойынша бағалау.)
7-9 сурет-« 5 »
4-6 сурет-« 4 »
2-3 сурет-« 3 »
XI.Үйге:1.Мәтінді оқу,әңгімелеу.
2.Тотықұс туралы іздену.
3.«Табиғат-алтын бесігім» эссе жазу .
Өзін-өзі тану гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
Әдемі құс
Мұғалім:Ауезайтова.Ж.Т
Алматы қаласы-2015 жыл