7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізу

Қазақ тілі пәнінен Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 3а -класс

Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізу.

Мақсаты:

Білімділік: Түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті бекіту. Сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты жазуға үйрету;

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілттерін, тілін дамыту;

Тәрбиелік: Мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері: топтық жалпы сыныппен жұмыс.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, үлестірмелі қима қағаздар.

Өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызын мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Сабақ барысын түсіндіру арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, бүгінгі сабағымызда «Ертегілер еліне саяхат» жасау арқылы 7 лақ ертегісі бойынша жүргіземіз.

7 лағын асырауға анасы орманға тамақ әкелуге кетті. Сол кезде лақтарды жеуге қасқыр келіп қалды. Лақтарды құтқару үшін әр қайсысына берілген тапсырмаларды орындау арқылы 7 лақты аман алып қалуымыз керек.

Қасқыр 3 лақ арқылы 3 топқа тапсырма береді.

1 - топ. 2 - топ.

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не?

Мысал келтір. Мысал келтір.

3 - топ.

Түбірлес сөз дегеніміз не?

Мысал келтір.

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Көркем жазу.

Ө ө өнім, өндіріс, өнгіш, өнер.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізу.»

4. Лақ

І) Бас + тық, шы, қар.

ІІ) Бала+ лық, қан, қай.

ІІІ) Ойын+ шы, шық, паз.

5. Лақ

Шығармашылық жұмыс.

А) Жаңылтпашты жатқа жазу.

Шалғышы

Шалғы алды.

Шаңғышы

Шаңғы алды.

ә) Тақтамен жұмыс.

Су Жаз Көр

Түбірлес сөздердің астын сызу.

І. Топ

ІІ. Топ

ІІІ. Топ

Оқу+ шы, лық. сый+ лық, лы. Біл+ гір, гіш, ім.

Пәнаралық байланыс.

6. Лақ

Ана тілі пәнінен бірнеше мәтіндер оқыдыңдар. Сол мәтіндердің бірінен алынған мысалдан туынды сөзді тап.

- Мерейлі бол, Динажан, мен кек күйшісі Құрманғазымын.

Күй - ші.

Ана тілі пәнінен сөздікпен жұмыс жүргізгенде « күй» түбір сөзіне байланысты қандай түбірлес сөздермен жұмыс жүргіздік?

Күй, күйші, күйе, күйдіргі, күйіну, күйлі, күйгелек.

- Бұл сөздер қандай сөздер?

- Түбірлес сөздер.

« Халыққа жеткіз күйімді»

- Бұл мәтінде не және кімдер туралы айтылған?

- Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті?

- 1888 жылы кездесті.

7. Лақ

Қорыту.

- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта нені қорытындыладық?

- Түбірлес сөздермен жұмыс жүргізуді.

- Олай болса, сұраққа - жауап алу арқылы сабағымызды бекітейік.

Бекіту.

1. Сөз құрамы неден тұрды?

2. Қосымша неше түрге бөлінеді?

3. Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады?

4. Туынды сөз дегеніміз не?

5. Түбір сөз дегеніміз не?

6. Түбірлес сөздер дегеніміз не?

Сөз құрамы

Түбір Қосымша

Жұрнақ Жалғау

Түбірлес сөздер Туынды сөз

Үйге тапсырма

Үш түбірлес сөз ойлап жазу.

Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал