7


  • Учителю
  • Дүниетану 1 сынып Қала және ауыл көліктері

Дүниетану 1 сынып Қала және ауыл көліктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 22.04.16

Сынып: 1 «Д»

Сабақ тақырыбы: Қала және ауыл көліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қала және ауыл көліктерінің ерекшеліктерін ұғындыру; көліктердің қоғамға, адамға пайдасын түсіндіру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: «Көшеде жүру тәртібі» туралы танымдарын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Көшеде, көліктерде тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1)Оқушыларды түгендеу, зейіндерін шоғырландыру;

2) Психологиялық жағдай жасау.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.



Үй тапсырмасын тексеру.

Қаладағы үйлер мен ауылдағы үйлердің қандай айырмашылығы бар?

Ақжол ауылы жайында не білесіңдер?

Әсел мектепке қалай барады?



Кіріспе

Көлік

Көліктің қандай түрлері бар? (әуе, су, құрлық көліктері)

Әуе көліктеріне қандай көліктер жатады?

Су көләктеріне?

Құрлық көліктеріне?



Енді мен сендерді осы көлік түрлеріне байланысты топқа бөлдім.

(Поезд, ұшақ, жеңіл көлік, кеме)





Жаңа сабақ

Балалар ауылды жерде қандай көлік түрлері болады? (трактор, комбаин т.б.)

Ал, енді бізде қалада қандай көлік түрлері жүреді.



Бұрынғы және қазіргі көлік түрлерімен таныстыру.



Бүгінгі сабақ көліктер туралы болғандықтан бағдаршамда өз тапсырмаларын ала келіпті.

1 - тапсырма: Сары түс нені білдіреді? Көліктің түрін ата?

2 - тапсырма: Қызыл түс нені білдіреді? Жолаушы деп кімдерді айтамыз?

3 - тапсырма: Жасыл түс нені білдіреді?

4 - тапсырма: Теміржолмен қандай көліктер жүреді?

Жол тәртібі туралы не білесіңдер?

Жолда ойнауға болады ма?

Қандай жол белгілерін білесіңдер?



4.Жұмбақтар шешу. ( көлік түрлеріне байланысты)

1.Жүрісі сылбыр,

Дауысы дүр - дүр

Бауыры шынжыр,

Палуан бұп бір (Трактор)

2.Жолы - темір,

Жаны - темір,

Шымыр атты

Зымыраттым. (трамвай)

3.Өзіне жол ашады

Су ішпес, нәр тартпас,

Шаршамас қарны ашпас. (Троллейбус)

4.Бастар кезде жұмысты

Төрт табанын тіреді.

5.Қос мұржалы төбесі,

Сары теңіз кемесі. (Түйе)

6.Су ішседе, жем жемес,

Атыңнан бір кем емес.

Шылбыр, тізгін білмейді,

Бірақ сенсіз жүрмейді. (Машина)



  • Жұмбақтар шешуін таптыңдар, енді сендерге сұрақ ?

    Ал оларды жүргізетіндерді кімдер деп атаймыз?



    Қазақтың төрт түлігінің ішінде көлік ретінде нелерді айтуға болады?

    Жылқы , түйе туралы тақпақтарын айтады.



Оқулықпен жұмыс: Қала және ауыл көліктерін оқып танысу



Шығармашылық жұмыс.

Қоршаған ортаны ластамау үшін қандай көліктер түрлерін ойлап табуға болады деп ойлайсыңдар? Өз ойларыннан көлік құрастыру.



«Қандай көлік?» ойыны.

Оқушыларға көліктердің дыбыстары қойылып отырады, оқушылар сол көлікті табу керек.



Қорытынды

- Ауыл көлігінің пайдасы қандай?

- Қала көлігінің пайдасы қандай?

Әр оқушының салған суреттерін мадақтау әңгімелету

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал