7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»2 класс

Тәрбие сағаты«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып сағаты

2 в сынып

Сынып жетекші Асылбекқызы Сандуғаш

Тақырыбы « Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»

Мақсаты:

Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагер аталарымен таныстыру.Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру."Ауған соғысы" - жайлы тереңірек біліп тану.

Көрнекілігі: ауған ардагерлеріңің өмірі,суреті жазылған презентация

Кездесу кештің барысы:

Мұғалім

- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 2 в сыныбының ұйымдастыруымен болып отырған « Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» атты Ауған соғысының ардагерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

Мұғалім

- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс - зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы.

Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны - 14453 - ке жетті.Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып,оның 1-і хабарсыз кетті,ал 14- сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:

Еске алу



Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов "Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды" деп мәлімдеді.

Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.

Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.

Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз біздің ортамызда.

2 - жүргізуші:

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң - деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонағымыз сыныптасымыз Әлиханның атасы Нұржанов Мүтиголла ағамыз.



1 - жүргізуші:

- Сіздің құрметтеріңізге ән. «Атамекен» Қабыл алыңыз.



Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.



1.ЖаннельӨтер жылдап, ауқып тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар-



2.ӘлиханАрмысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .

Өлгендердің жәннәтта болсын жаны ,

Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!

Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.



3.Аяулым Отан үшін оққа тосып кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді

Жебейді олар әруағымен сендерді.

Аналардың көл боп аққан көз жасы,

Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,

Елі үшін құрбан болған ер басы.



4.ДаниярБаласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан



Даламен бірге қайнасып

Көкпенен бірге жайнасып

Көршімен тату, жауына қату

Қарасаң егер байқасып



Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

Қазахияма жететін

5.АсылайОсындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

Жастарға сарқыт ерлігі

Сел болар ақса жырадан



Ел үшін өткен батырлар

Шайырлар менен ақындар

Күш пенен түйсік, ақылды

Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі

Халқына айқын мәлімді

Ұғына алса керекті

Қазіргі ұл - қыз хәліңді

6.ДаниялАтойлап шапқан батырлар

Рухын қайрап ақындар

Ұрпағым аман болсын деп

Қыршынбасын деп жатырдан

Бейнесюжет



Мектебіміздің оқушылары дайындаған әдеби монтажға кезек береміз:

1 - жүргізуші:

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман - сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу - біз үшін бір ғанибет.

Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагері Мүтиголла ағаға беріледі:

Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар ,олай болса кезекті оқушыларға берейік:

Оқушылардың сұрағы:

1.

2.

3.

2 - Жүргізуші:

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2 - Жүргізуші:

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.











Аяулы аға, уақыт тауып келгеніңізге рахмет! Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

Ән. « Жаса қазағым».Жеңіс Әбілмансур





Тәрбие сағаты«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»2 классТәрбие сағаты«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»2 класс













Тәрбие сағаты«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»2 класс







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал