7


  • Учителю
  • Поурочный план на тему: Бізді қоршаған орта

Поурочный план на тему: Бізді қоршаған орта

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ 1-тоқсан

Оқу ісінің меңгерушісі:



Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Бізді қоршаған орта

Сабақтың жалпы мақсаты

Қыс мезгілі туралы түсініктерін ашу, қыс мезгілінің сұлулығын, әсемдігін сезіну, талғамын жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер

Қыс туралы нақыл сөздер мен суреттер салынған плакаттар .



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Ауа туралы жұмбақ айтады

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүсе-дағы

Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)

- Ауа жөнінде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?

Балалар ауа туралы такпақ айтады.

Балаларға сұрақтар беремін.

-Ауа арқылы не болады?

-Грипп

-Ауаны не ластайды?

-Машина түтіні т.б

Қызығушылықты ояту

Ал енді сергіту жаттығуын жасайық

Топта қоңыз ұшады

Ж ж ж әнге салады,

Оңға қарай ұшады,

Солға қарай ұшады

Алақанды жаямыз,

Алақанға қоңызды қондырамыз

Қоңызды уф-уф деп ұшырамыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

Әңгімелесу: Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өтеміз. Айналамызға қарайықшы біз қайдамыз, бізде не қоршаған? Біз табиғатқа саяхатқа шығайық. Қане, көзімізді жұмайық. Сыртқа шығайық бір, екі үш. Ал, енді көзімізді ашайық айналамызға көз тастайық. Айналамыздан не көріп тұрмыз? Балалардың жауабы:

Айналада қар, ағаштар, аспан бұлтты.

Балалар біз табиғатты, бізді қоршаған табиғатты тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз. Тірі табиғатқа адамдар жануарлар, жәндіктер жатады, ал өлі табиғатқа тау, тас, су, өсімдік жатады.

Біздің айналамыздағы табиғат ол бізді қоршаған орта..

Ой толғаныс

1. Табиғат адам үшін жаралыпты

Бар қызық табиғаттан таралыпты

2. Ақындар табиғатты анаға теңеген. өйткені онда тіршілік өніп өседі. Шынында да табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамдарға жан-жануарға береді.

Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім-

діктер туралы тақпақтар айтады.

Үйге тапсырма беру.

Дәптерге табиғат туралы қандай тақпақ , тыйым сөздерді жазып келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .





Оқу ісінің меңгерушісі:



Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттың жансыз денелері

Сабақтың жалпы мақсаты

оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру, әңгіме,

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер

Суреттер , кесте .



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Оқушыларға ақ қағаз таратылып табиғат құбылыстарының суретін салу .

Үй тапсырмасын сұрау

«Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада слайд )

Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады. Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берулерің керек.

1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)

2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?

3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?

4. Ауа райын білу не үшін керек?

5. Ауа - райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?

(Көл, аққу, балық, құс, ағаш, инелік суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)

Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.

Қызығушылықты ояту

« Бақытты баламыз» әнімен

Елді сүйген баламыз, ----------------- Біз талапты баламыз,

Білімнен нұр шашамыз. -------------- Оқып - білім аламыз.

Әлкей, Қаныш атадай, ---------------- Заттар сырын ұғынып

Көп жаңалық ашамыз. ---------------- Ажырата аламыз

Жаңа материалмен жұмыс.

Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)

Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?

Осы сыныптың ішінде дене бар ма?

Оқулықпен жұмыс.

1 топ: 30 беттегі 1 - абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату..

4 - топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)

Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.

Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:

Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.

3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.

Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.

Ой толғаныс

Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл

Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.

Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма беру.

Оқушылар дәптерге жансыз денелердің суретін салу .

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал