- Учителю
- Қазак тілі 'Дара және күрделі сын есім' 4 сынып
Қазак тілі 'Дара және күрделі сын есім' 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды дара және күрделі сын есімдермен таныстыру; күрделі сын есім екі, үш сөзден құралғанмен, бір ғана атау ретінде қолданылып, бір ғана атау ретінде қолданылып, бір сұраққа жауап беретін сөйлемде бір мүшенің қызметін атқаратынын ұғындыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
2.Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету;
3.Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ереже жаттау.
2. 13- жаттығу.
ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру:
Дара және күрделі сын есімді төмендегі кесте арқылы байқату, салыстыру әдісімен түсінік беріледі.
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Ақ, жасыл, сүйір, әдемі, өткір
Ақ ала, торы ала, сүп сүйір, ақ сары
ІV. Оқулықпен жұмыс.а) Мәтінді көшіріп жазып, сын есімдерді табу, оларды өзара салыстыру 19 - жаттығу.
ә) Дара сын есімдерді күделі сын есімдерге айналдырып жазу20 - жаттығу
б) Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жазу 21- жаттығу.
в) Жұмбақты оқып, шеуін табу. Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін дәлелдеу 22 - жаттығу.
V .Сабақты қорыту
VІ.Үйге тапсырма: 23 - жаттығу.