- Учителю
- Әуежайда тақырыбындағы ашық сабақ жоспары. 4 класс
Әуежайда тақырыбындағы ашық сабақ жоспары. 4 класс
22.04.2015ж. 4 «А» 22.04.2015 ж. 4 «В»
Сабақтың тақырыбы: Әуежайда
Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып төңірегінде сөйлей білуге үйрету, көмекші есімдер бойынша жұмысты жалғастыру. Жаңа сөздерді меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау, еске сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сұрақ құру дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреттері, көмекші есімдер жазылған парақшалар, карточкалар, оқулық, топ ережесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Перестрека» амалы бойынша үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, оларға шапшаң жауап береді.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
-Балалар, бүгінгі сабақта біз «Әуежайда» тақырыбы бойынша жұмыс жасап, көмекші есімдермен жұмысты жалғастырамыз. Алдымен топқа бөлінейік. Ол үшін мына қорапшадан қима қағаздарды аласыңдар. Осы қима қағаздағы сөздер бойынша үш топқа бөлінеміз. (Топқа бөліну)
ІV. Негізгі бөлім
-
Сөздік жұмысы.
Ұшқыш-лётчик ол үшін-для этого
Болғым келеді-хочу стать жүк ұшағы-багажный самолёт
Оқу керек-нужно-учиться әскери-тікұшақ-военный вертолёт
а) тақырыпқа байланысты сөздердің мағыналарын түсіндіріп, айту;
ә) дұрыс айтуға дағдыландыру; б) сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау.
-
Суретпен жұмыс.
154-беттегі 1-тапсырма бойынша әр топ көмекші есімдерді қолдана отырып өз әңгімелерін құрады. Болған соң әңгімелерін оқып, қорғайды. (Қошемет)
-
Мәтінмен жұмыс.
3-тапсырмада берілген мәтін бойынша жұмыс жасау. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Тапсырма түрін оқушылар парақша арқылы өздері таңдайды.
1. Мәтінді аудар. 2. Мәтінге сұрақ құр. 3. Мәтінді мазмұнда.
4. Сергіту сәті.
</ «Көңілді күн» сергітуін жасаймыз.
5. Жазба жұмысы.
Көлік атаулары мен көмекші есімдерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды. Әр топ өз сөйлемдерін оқып шығады.
V. Сабақты пысықтау.
Вокзалда және әуежайда тақырыптары бойынша Венн диаграммасын құру.
Осы екі тақырыпқа не ортақ, ал нелерімен олар ерекшеленеді?
VI. Кері байланыс
Оқушыларға стикерлер таратылады. Олар стикерлерге өз ойларын жазып, тақтадағы параққа жапсырады.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма беру.
154-бет, 2-тапсырма, ұқсас диалог құру.
IX. Бағалау.