7


  • Учителю
  • Презентация по казахскому языку на тему 'Түсті металл кендері ' (4 класс)

Презентация по казахскому языку на тему 'Түсті металл кендері ' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Пәннің аты: Дүниетану

Уақыты: 27.10.2015ж

Кабинет:113

Мұғалім: Сойунбаева Акзер

Сабақтың атауы

Түсті металл кендері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түсті металл кендері туралы түсінігін толықтыру. Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау, ойын толық айту қабілеттерін дамыту. Туған елін сүюге, оның әрбір байлығын қадірлеуге, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, түсті металл түрлері.

Психологиялық ахуал

Аққан Қаратаудағы,

Алтын шыға Алтайдан,

Жарқырап күндей жайнады.

Қарсақпайдан мыс ағып,

Бұлақтайын саулады,

Мақта көктеп Шымкенттен,

Ақтөбенің егіні,

Өрге өргелен өнімі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Түсті металл туралы түсінік беру. Әр бір түсті металл ,өздері күнде көріп жүрген түсті металл туралы жеке -жеке тоқталып түсіндіру. Түсті металл ішіндегі ең көп тарағаны алюминий екенін айту, оларды тұрмысымызда қалай пайдаланып жүргенімізді айту. Мысты күнделікті қайдан көреміз? Алюминий -ең жеңіл түсті металл. Мырыш ---көкшіл сұр түсті металл. Шелек, леген, астау мырыштан жасалады. Мырышты тот баспайды.Қорғасын мен мырыш қосылып полиметалл кенін құрайды.Поли-көп деген сөз. Сарамандық жұмыс. Картадан түсті металдарды шартты белгісі бойынша табу. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу Түсті металдарды, олардың қасиеттерін әр оқушы айтып қорғайды. VI. Бекіту кезеңі: Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?

Сергіту сәті

Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы епті шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі.

Ой толғаныс

Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын сұрақтар

1 Циклдің негізгі өндірісі қандай?

2 Негізгі өндіріске не қажет?

3 Не себепті кенді байытады?

4 Қалдықтар не үшін пайдаланылады?

5 Қосалқы өндіріс немен айналысады?

Үйге тапсырма

Кескін картаға металлургия орталықтарын түсіру.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты:

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жанғыш пайдалы қазбалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Пайдалы қазбалардың түрлері мен олардың өндірісте қолданылу аясын меңгерту. Экономикалық, экологиялық білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқуға төселдіру. Оқушыларды өз бетінше ой
қорытып сөйлеуге машықтандыру. Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс - әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.
Карта түрі: « Ауызша сабақ - 1»
Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблемалық т. б.
Пәнаралық байланыс: география, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер, кесте

Психологиялық ахуал

Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не?
/Көмір/

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)
Түрлері
тас көмір
мұнай
газ
темір
тұз
фосфорит
Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу ( ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)
Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)
Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
( Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке - 3 минут, 2 бетке - 6 минут
Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу ( ООМ енгізу )
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)

1. Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. (Иә)
2. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді.(Жоқ. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді )
3. Жанғыш пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын жатады.( Жоқ. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай, газ жатады.)
4. Тас көмір - өте аз өндірілетін пайдалы қазба. (Жоқ. Тас көмір - ең көп өндірілетін пайдалы қазба)
5. Тас көмір тек отын ретінде ғана пайдаланылмайды, одан басқа да көптеген заттар алынады. (Иә.)
6. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте аз.(Жоқ. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол)
7. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды мен Екібастұзда көмір шахталық әдіспен өндіріледі. (Жоқ. Қарағанды мен Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі)
8. Мұнай - қызуы аз отын. (Жоқ. Мұнай - өте қызулы отын).
9. Мұнай күл қалдырмай түгел жанып кетеді. (Иә.)
10. Көмірді айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алады.( Жоқ. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы, т. б. алынады.
11. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде тас көмірдің аса бай кен орындары бар.( Жоқ. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.)
12. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында мұнай кездесетін тау жыныстары жатады. (Жоқ. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады.)
13. Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий және т. б. металдар алынады.(Иә.)
14. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Батыс Қазақстанда көп шоғырланған.(Жоқ Орталық Қазақстанда көп шоғырланған.)
15. Жезқазған және Қоңырат темір кен орны әлемге әйгілі.(Жоқ. Жезқазған және Қоңырат мыс кен орны әлемге әйгілі.)
16. Кенді пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.)
17. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз, т. б. жатады.(Иә)
18. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде өте аз.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде баршылық.)
19. Қаратаудағы гранит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.(Жоқ. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.)
20. Фосфоритті ұнтақтап, әктас алынады.(Жоқ. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді.)

Сергіту сәті

Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға біз
Бір, екі, үш: бір, екі, үш.
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш боп отырамыз.

Ой толғаныс

Кестені толтыр .

Кенді пайдалы қазбалар Кенге жатпайтын пайдалы
қазбалар Жанғыш пайдалы қазбалар

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру.

2. Балаларды кенге жатпайтын пайдалы қазбалармен, оның қасиеттерімен, өндіру, пайдалану жолдарымен таныстырып, танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу білігін жетілдіру, балалардың сөйлеу, логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды жасау қаблетін дамыту.

3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, кесте т.б.


Психологиялық ахуал

Сүйейік табиғатты аялайық!
Экология - өмірдің
Соғып тұрған жүрегі
Ей, табиғат, балаңмын
Ертеңіңе алаңмын
Денсаулығы ғаламның -
Амандығы адамның.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға , тыңайтқыштар өндір -уге және құрылыс қажетіне жұмсалатыны саған белгілі . Олардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталады . Пайдалы қазбалардың бұл тобының ішінде ең көп таралғаны - тұз . Тұз дегенде біз әдетте ас тұзын түсінеміз . Ас тұзын тұзды көлдерде өндіреді .Көл суы жаздың аптап ыстығында көкп буланады да , еріген тұз түбіне шөге береді . Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғыш сорабы болады. Түтік арқылы көл түбіндегі тұз суымен қоса тартып алынады . Машина тұзды айырып , бірден кішкене вагондарға тиейді .Машина да , вагондар да көл табына салынған рельсті бойлап жылжып отырады . Әрбір адамның тамағына күніне 2 грамм шамасында ас тұзы жұмсалады . Тұздан сода , хлор және басқа заттар алынады . Тұздың бұдан басқа да көптеген түрі бар Олардың біразын дәрі ретінде пайдаланамыз . Кейбіреулері , мысалға калий тұзы топырақты тыңайтуға жұмсалады .

Сергіту сәті

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Ой толғаныс

«Стикердегі диолог» стратегиясы

(2 түрі): 4 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. (диалогтік оқу)

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты:

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Су. Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік.Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, тест тапрсырмалары, СТО стратегиялары, шығармашылық жұмыс,

Сабақ көрнекілігі: сабаққа презентация, электронды оқулық, бейне таспа, оқулық, су айналымы салынған кесте, дәптер, тест тапсырмалары, тақырыпқа сай схемалар.

Психологиялық ахуал

«Күн шуағы»Қол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Су-ғажайып зат.Сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді. Су-табиғатты ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.(Глобустан көрсету) Судың кереметі- оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі./Судың табиғаттағы айналымы слайд б-ша түсіндіріледі./

1. Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік,жануарлардан буланған субуы ауа қабатына көтеріледі.

Ауаның салқын қабатында су буы қоюланып,бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады.Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді./Бұлт туралы білімдерін еске түсіру./

Күн қыздырғаннда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.

Мәтінмен жұмыс.Білімді алғашқы бекіту.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Ойын «Иә», «Жоқ»

-Жер бетінің үштен бір бөлігін су алып жатыр./жоқ/

-Су табиғатта тынымсыз айналыста болады./иә/

-Күн сәулесінің қызуынан су буланып, ауа қабатына бармайды./жоқ/

-Ауаның салқын қабатында су буы бұлт түзбейді./жоқ/

-Сусыз тіршілік ететін ағза кездеседі./жоқ/

-Ағзалар денесі ден пайызына дейін судан тұрмайды./жоқ/

Сергіту сәті

Беспайда бар5 іні,
Естайда бар2 іні,
Қоссақ5 пен2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)

Ой толғаныс

Деректер мен дәйектер.

1,5 литр су адам ағзасында азайса, адам шөлдейді.

6-8 % су азайса адам есінен танады.

10% азайса, сілекейін жұтады.

12 % азайса, адам өліп кетеді.

Адам су ішпей 1 апта ғана шыдай алады.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал