7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік 3сынып

Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8.04.16ж.Сабақтың тақырыбы: Ертегідегі үйшік.

Сабақтың мақсаты:а) әр алуан ертегілер мазмұнына байланысты иллюстрациялық сурет салуға баулу; ертегіні оқи отырып, мазмұнының желісіне ілесе отырып, бейнелеуге үйрету;ә)оқушының пәнге деген қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын арттыру көркемдік білімін жүйелі түрде дамыту; б)оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың құрал -жабдықтары: Сурет альбомы, акварель бояғы, қылқалам, су құятын ыдыс, қарындаш, өшіргіш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ: Ертегідегі үйшік.Әлем халқы ертегіге өте бай.Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаларды көз алдына елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты. Ол шығарманы терең, шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. Әр бір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық, яғни ертегі- адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге иллюстрация жасауға -да аянбай ат салысып келеді.Иллюстрация дегеніміз- ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. Ертегіні балалар ес кіргеннен бастап тыңдап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып- білуге баулиды. Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер және тұрмыс -салт ертегілері. Ертегінің мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда мына талаптар ескеріледі (тақтаға тізімі ілінеді). 1. Ертегідегі басты кейіпкерлерді анықтап,оларды жеке парақтарға жобалап іздеу.

2. Ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер жасау. 3. Әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріістерін бір жүйеге келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет. 4. Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі -түсті бояулары ашық-жарқын болуға тиіс. Енді осы талаптарды сақтай отыра жұмыс жасауға кірісейік. Тапсырма: өздеріне берілген ертегі немесе еркін тақырыптағы ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жасау. Сен өміріңде бір рет те болса ертегілер әлемінде болуды армандаған шығарсың?!Сен қалың орман ішімен келе жатып, көгалда ертегідегі үйшікті көрдің делік. Әрине, әркім мұны өзінше елестетеді. Ең қызығы -біздің қиялымызды салыстыру.Үлгіге қарап ертегідегі үйшікті бейнелеу.

Күн, ай және қораз.

Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз аспанда өмір сүріпті. Бірде ең үлкен Күн адамдарға жарық, сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті: «Менің байқауымша сенің ешкімменде сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін! Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде ғана шығасың». Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: Ку-ка-ре-ку!-деп шақыратын болыпты. Онысы: Қайырлы таң, мейірімді аға!,-дегені екен. Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.

III. Қорытынды. Сабақ соңында оқушылардың білімдерін бағалап, үйге төмендегідей

тапсырма беремін: әр оқушы ойдан ертегі құрастырып, сол ертегіге иллюстрация жасауы керек.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал