- Учителю
- Разработка урока 21 ғасыр көшбасшысы
Разработка урока 21 ғасыр көшбасшысы
Астана қаласы
№15 мектеп-лицей
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН
4-сыныптарға арналған
СУЛЕЙМЕНОВА А.К.
2014-2015
Тақырыбы: ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
Сабақ мақсаты
Типі: қайталау
Түрі: аралас сабақ, оқыта үйрету ойыны.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қағаз, қалам.
Жоспары: 1. Психологиялық дайындық
2. Бас есепшімен таныстыру
3. Таныстыру (оқушылар)
4. Ойын кезеңдері
5. Қорытынды
Алғы сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, қымбатты оқушылар, көрермендер!
Бүгінгі таңда мектептің маңызды мақсаты: білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады. Сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп өткізу оқушының мотивациясын, белсенділігі мен жауапкершілігін арттырады.
«Хабар» арнасы арқылы 1999 жылдан бері телеарнаға шығып жүрген «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны дарынды оқушыларды тауып, қолдау көрсетуге, оларды қорғауға, дамытуға бағытталған.
Ендеше, Сіздер бүгін 4 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары арасындағы балалардың ойынға қатысып, олардың ішкі қүш-қуатын, өз өмірін өзі құрушы белсенді шығармашылық қасиеттерін, өз қабілеттерімен шектеліп қана қоймай, одан асып түсуге ұмтылуын дамыту мақсатында «ХХІ ғасыр көш басшысы» интеллектуалды шоу ойынын тамашалайсыздар.(1,15мин)
Сайысқа түсетін оқушылармен таныстырып өтелік(1мин):
4«А»_________________________________________________________________________
4«Ә»_________________________________________________________________________
4«Б»_________________________________________________________________________
Рахмет. Сіздердің алдарыңызда менің көмекшім бас есепші __________________________________________________________отыр,
Ол сіздердің алған баллдарыңызды есептеп жеңімпазды анықтайды.
Оқушы міндеті:
-
ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдау;
-
өзгенің пікірін сыйлау;
-
төзімділікпен тыңдай білу;
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ интеллектуалды шоу ойынын бастаймыз
-
1 кезең БӘЙГЕ
-
2 кезең ПОЛИГЛОТ
-
3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК
-
4 кезең САННЫҢ СЫРЫ
-
5 кезең ЖҰМБАҚ СЫРЫ
-
6 кезең ЖОРҒА
1 кезеңде 1 кезеңде 24 сұрақ берілген. оған кезектесіп жауап бересіздер. Егер де ол сұраққа жауап бере алмаса келесі оқушы жауап бере алады.
Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі.
Құрметті көрермендер! Ойыншыларымыз І кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп үздік танылды. Жарайсыңдар!
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі 14 сұрақтар берілген, оған оқушылар қазақ-орыс тілінде жауап беруге тиіс. Оқушылар жауапты алдарында жатқан қағазға жазады. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына он ұпайдан беріледі. Толық жауапқа 20 ұпай. Ұпайы аз 4 оқушы келесі кезеңге өте алмайды.
Сәттілік тілейміз!
Сонымен, 2-ші кезең де аяқталды. Қайсысының қоржынында неше ұпай жиналды екенін білейік. Сөз кезегі Сізде_________________________
Сіздерің жинаған ұпайларыңыз аз болды, сондықтан өкінішке орай ойынды әрі жалғастыра алмайсыздар. Дегенімен сәтті күндер тілейміз.(сыйлық беріп,марапаттау)
Сіздер ХХІ ғасыр көшбасшысы ойынын тамашалап отырсыздар. ІІ кезеңде жақсы көрсеткіз көрсетіп, ІІІ кезеңге шыққан ойыншыларымызды қошеметтеп қояйық.
3 кезең «Ғажайып төрттікте» кезең «Ғажайып төрттікте» пәндер бойынша алған білімдеріңді пайдаға асыра аласыңдар. Әр саладан алынған барлығы 12 түрлі сұрақ болады. Сіздер тор көзді таңдай отырып, онда жасырынған сұраққа жауап бересіздер. Дұрыс жауап берген жағдайда сол торкөздегі ұпай саны беріледі. Ұпайы аз 3 оқушы келесі кезеңге өте алмайды.
Ал міне, ойынымыздың 3-ші кезеңі де аяқталды. Енді ұпай санына көңіл бөлейік.Қазір ұпайы аз екі оқушы ойынымызбен қоштасады.
СЕРГІТУ СӘТІ
«Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі»-демекші, келесі
4 кезең - «Санның сыры» .
«Санның сыры» сайысында қазақ халқының мақал-мәтелдерінде әрбір санның тәрбиелік мәнін түсіне отырып, мақалдың жалғасын табу керек 5 ұпаймен бағаланады. Алдарыңызда жатқан жалаушаны кім бірінші болып көтереді,сол жауап беру құқығына ие болады. Ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығады.
Өкінішке орай, келесі кезеңге өте алмай қалған оқушыларға бүгінгі ойынға қатысып, өз үлесін қосқан үшін рахмет айтамыз.
5 кезеңде
6 кезеңде Ақтық ойын. «Жорғада» ұпайы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке 10-сұраққа жауап беруге тиіс.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Ойынды бірінші болып __________________________________бастайды.
Осымен ойынымыз да аяқталды, бүгінгі интеллектуалды шоуымыздың жеңімпазын анықтайтын кез де жетті. сөз кезегін __________________берсек.
Сонымен біз бүгінгі 2014-2015 оқу жылындағы ХХІ ғасыр көш басшысының жеңімпазын да анықтадық. Ендеше құрметті халайық жеңімпазымызды құттықтап, қошеметтеп отырайық.(Диплом беру)
Қосымша:
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (ұстаз)
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге (Кітап)
Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді:
Бар жолмен жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус)
Ас бөлмеде тұрағы,
Алған демі суық-ақ.
Ішін тартып тұрады
Ішек-қарны шұрылдап.(Тоңазытқыш)
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.(Жүрек)
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде,
Түрлі ұсақ балық
Жүзді сайран салып.(Аквариум)
Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? (66)
</<font face="Times New Roman, serif">Жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер атаулары қайда тіркеледі? (Қызыл кітап)