7


Б б дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Б б дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:оқушыларға Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылығы: б дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді игеру.

Әдісі: сөздік, көрнекілік, танымдық, практикалық

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, буындар, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық.

ІІІ. Өткен сабақты қайталау.

Тек дауысты дыбыстарды ата.

Дыбыстардан не құраймыз?

Буындардан не құрауға болады?

-Балалар, біз кеше қандай әріппен таныстық?

-М дыбысы қандай дыбыс?

Өткен сабақты қорытындылау.

Тақтаға сөздер жазғызу.

«Буын құрау» ойыны:

Мұ- рын -рат-ражай

ІY. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.

Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса, өледі. (балық)

-Дұрыс.

-Балалар, балық сөзінің бірінші дыбысы қандай?

- Б дыбысы.

- Ендеше, біздің бүгінгі сабақта өтетін дыбысымыз-Б дыбысы.

-Қане, бәріміз осы дыбысты айтайық.

-«Б» дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында келеді.

-Біз мына Б дыбысын қай үйшікке орналастырамыз?

(Балалар көк текшені көтереді)

«Сөз ойла, көп ойла» ойынын ойнату.

Б дыбысына байланысты сөздер ойлап айтқызу.

Y.Оқулықпен жұмыс.

1.Сөздерді оқып беріп, мағынасын түсіндіремін. Содан соң балалармен бірігіп хормен оқу.

2.Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

3.Түсінбеген сөздермен жұмыс.

4.Баба, бақа, балық, бота сөздерін буынға бөліп оқу.

Сергіту сәті.

Бала, бала, балақан,

Қане, қайсы алақан?

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат.

YІ. Дәптермен жұмыс.

«Б» әрпін ауада жазу. Дәптерге жазу.

YІІ. Сабақты қорыту.

«Алтын бақ» ойыны.

Тақтаға ілінген жемістердің артындағы сөздерді оқу. Тез, әрі қатесіз оқыса, сол оқушы жемісті алады.

Оқушыларды мадақтау. Бағалау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал