- Учителю
- Қазақ тілі 2- сынып Тақырыбы: Дауыссыз р мен л
Қазақ тілі 2- сынып Тақырыбы: Дауыссыз р мен л
Еңбекке баулу 2 -сынып
20.10.15
Буентаева Г.А.
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз л мен р
Сабақтың жалпы мақсаты
Мақсаты: Дауыссыз л мен р әріптерінің жазылуы туралы білімдерін жетілдіру.Сауатын есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Зеректікке, саналылыққа тәрбиелеу.
1. Білімділігі: Дауыссыз л мен р дыбысын қайталау, білімдерін тиянақтау
2. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелігі: сауатты да, көркем жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, іздену
Пән аралық байланыс: дүниетану
Көрнекіліктер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Топқа бөлу
Карта арқылы топтарға бөлу
Үй тапсырмасы
Ребустың шешуіне байланысты құрылған мәтіндерін оқыту
Қызығушылықты ояту
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Оның түрлері ?
Дыбыстық талдау»
-
- лақ,лебіз,рас,ренжу сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Бойға жинап күш.
Әдемі етіп жазайық,
Біз бақытты баламыз.
Дәптермен жұмыс «Дәптердің тапсырмасы»
ІІ. Білімді тексеру: күн ретін жазу, көркем жазу
Рр Рр Рр. Рақмет
ІІІ.Бекіту. Жаттығулар орындау.124-жаттығу.
Сөздерді көшіріп жазу. Л,р әріптерінің астын сызу. Бұлар дауыссыз дыбыстардың қайсысына жатады?
Оқулықпен жұмыс.
125 жаттығу
Ауызша орындату. Суреттегі сөздердің бір әріпін өзгерту арқылы л әріпінен басталатын сөздер жаса.
Бақ-лақ, бас-лас, жайық-лайық, тайым-лайым, кезде-лезде, жағыл-лағыл, жақтыру-лақтыру, тай-лай.
-
Өз бетінше жұмыс
-
127 - жаттығу
Сөздерге дыбыстық талдау жасау.Ырыс, Іле, ірге, раушан, лашын.
Ой толғаныс
Сонымен біз қандай дыбыстармен таныстық?
Ұқсастығы мен айырмашылығын неде?
Үйге тапсырма беру.
126-жаттығу. Ереже жаттау.
Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер